HP LaserJet Enterprise MFP M634, M635, M636 - User Guide

Бір параққа бірнеше бетті басып шығару (Windows)
1. Бағдарламалық құралда Print (Басып шығару) опциясын таңдаңыз.
2. Принтерлер тізімінен принтерді таңдаңыз да, басып шығару драйверін таңдау үшін Сипаттар
немесе Параметрлер түймесін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: түймешіктің атауы бағдарламаға қарай әр түрлі болады.
ЕСКЕРТПЕ: Windows 10, 8.1 және 8 жүйелерінде бұл қолданбалардың дизайны мен функциялары
төменде үстелдік қолданбалар үшін сипатталған дизайн мен функциялардан өзгеше болады. Бастау
экранының қолданбасынан басып шығару мүмкіндігіне қол жеткізу үшін төмендегі қадамдарды
орындаңыз:
Windows 10: Print (Басып шығару) параметрін, одан кейін принтерді таңдаңыз.
Windows 8.1 немесе 8: Devices (Құрылғылар), Print (Басып шығару) параметрін, одан кейін
принтерді таңдаңыз.
3. Аяқтау жиекбелгісін таңдаңыз.
4. Әр параққа беттер санын Бет/парақ ашылмалы тізімінен таңдаңыз.
5. Дұрыс Print page borders (Бет жиектеріне басу), Page Order (Парақ реті) және Orientation (Бағдар)
үшін дұрыс опцияларын таңдаңыз. Document Properties (Құжат сипаттары) диалог терезесін жабу
үшін OK түймесін басыңыз.
6. Тапсырманы басып шығару үшін Print (Басып шығару) тілқатысу терезесіндегі Print (Басып шығару)
түймесін басыңыз.
Қағаз түрін таңдау (Windows)
1. Бағдарламалық құралда Басып шығару опциясын таңдаңыз.
2. Принтерлер тізімінен принтерді таңдаңыз да, басып шығару драйверін таңдау үшін Properties
(Сипаттар) немесе Preferences (Параметрлер) түймесін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Түймешіктің атауы бағдарламаға қарай әр түрлі болады.
ЕСКЕРТПЕ: Windows 10, 8.1 және 8 жүйелерінде бұл қолданбалардың дизайны мен функциялары
төменде үстелдік қолданбалар үшін сипатталған дизайн мен функциялардан өзгеше болады. Бастау
экранының қолданбасынан басып шығару мүмкіндігіне қол жеткізу үшін төмендегі қадамдарды
орындаңыз:
Windows 10: Print (Басып шығару) параметрін, одан кейін принтерді таңдаңыз.
Windows 8.1 немесе 8: Devices (Құрылғылар), Print (Басып шығару) параметрін, одан кейін
принтерді таңдаңыз.
3. Қағаз/Сапа жиекбелгісін таңдаңыз.
4. Paper type (Қағаз түрі) ашылмалы тізімінен қағаздың түрін таңдаңыз.
5. Құжат сипаттары тілқатысу терезесін жабу үшін OK түймесін басыңыз. Тапсырманы басып шығару
үшін Print (Басып шығару) тілқатысу терезесіндегі Print (Басып шығару) түймесін басыңыз.
Егер науаны конфигурациялау керек болса, принтердің басқару тақтасында науаны конфигурациялау
туралы хабар көрсетіледі.
KKWW Басып шығару тапсырмалары (Windows) 69