HP LaserJet Enterprise MFP M634, M635, M636 - User Guide

Мобильді басып шығару шешімдері
Кіріспе
HP компаниясы ноутбуктан, планшеттен, смартфоннан немесе басқа мобильді құрылғыдан HP принтері
арқылы оңай басып шығаруға мүмкіндік беретін көптеген мобильді басып шығару шешімдерін ұсынады.
Толық тізімді көру және ең жақсы таңдауды анықтау үшін www.hp.com/go/MobilePrinting веб-сайтына
өтіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Барлық мобильді басып шығару және ePrint мүмкіндіктеріне қолдау көрсетілуі үшін
принтер микробағдарламасын жаңартыңыз.
Wi-Fi, Wi-Fi Direct Print, NFC және BLE басып шығару
Электрондық пошта арқылы HP ePrint
AirPrint
Android ендірілген басып шығаруы
Wi-Fi, Wi-Fi Direct Print, NFC және BLE басып шығару
HP компаниясы HP Jetdirect 3100w BLE/NFC/сымды аксессуарын қолдайтын принтерлер үшін Wi-Fi, Wi-Fi
Direct Print, Near Field Communication (NFC) және Bluetooth Low Energy (BLE) қызметтерімен басып
шығаруды ұсынады. Бұл қосалқы құралды құрамына аппараттық құралдарға кіріктіру қалтасы (HIP)
кіретін HP LaserJet принтерлері үшін опция ретінде қолдануға болады.
Wi-Fi, Wi-Fi Direct Print, NFC және BLE басып шығару стандарттары Wi-Fi функциясы бар (мобильді)
құрылғыларға сымсыз роутерге қосылусыз тікелей принтерге қосылу мүмкіндігін береді.
Принтер бұл мобильді құрылғы арқылы басып шығару үшін желіге қосулы болуы міндетті емес.
Wi-Fi Direct Print мүмкіндігін мына құрылғылардан сымсыз басып шығару үшін пайдаланыңыз:
Apple AirPrint пайдаланатын iPhone, iPad немесе iPod
Android ендірілген басып шығару шешімін қолданатын Android мобильді құрылғылары
Сымсыз басып шығару туралы қосымша ақпаратты мына беттен қараңыз: www.hp.com/go/wirelessprinting.
NFC және Wi-Fi Direct Print мүмкіндіктерін принтердің басқару тақтасынан қосуға немесе өшіруге болады.
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Settings (Параметрлер) мәзірін ашыңыз.
2. Мына мәзірлерді ашыңыз:
Желіде
Wi-Fi Direct
Күй
3. On (Қосулы) опциясын таңдап, сымсыз басып шығаруды қосу үшін OK түймесін таңдаңыз.
78 4-тарау Басып шығару KKWW