HP LaserJet Enterprise MFP M634, M635, M636 - User Guide
ЕСКЕРТПЕ: Бір принтердің бірнеше модельдері орнатылған орталарда, Wi-Fi Direct басып шығару
қызметінің жеңіл принтер идентификациясы үшін әрбір принтерге бірегей Wi-Fi Direct атауын қамтамасыз
ету пайдалы болуы мүмкін. Wi-Fi, WiFi Direct, т.б. сияқты сымсыз желі атаулары принтер басқару
тақтасынан «Ақпарат» түймесін басып, одан кейін «Желі» опциясын немесе Сымсыз опциясын
таңдау арқылы «Ақпарат» экранында қолжетімді болады.
Принтердің Wi-Fi Direct атауын өзгерту үшін мына процедураларды орындаңыз:
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Settings (Параметрлер) мәзірін ашыңыз.
2. Мына мәзірлерді ашыңыз:
● Желіде
● Wi-Fi Direct
● Wi-Fi Direct атауы
3. Wi-Fi Direct Name (Wi-Fi Direct атауы) мәтін өрісінде атауын өзгерту үшін пернетақтаны
пайдаланыңыз. OK параметрін таңдаңыз.
Электрондық пошта арқылы HP ePrint
HP ePrint құралын құжаттарды кез келген электрондық пошта қызметін қолдайтын құрылғыдан
электрондық хабардың қосымшасы ретінде принтердің электрондық пошта мекенжайына жіберу арқылы
басып шығару үшін пайдаланыңыз.
HP ePrint функциясын қолдану үшін принтер мына талаптарға сай болуы керек:
● Принтер сымды немесе сымсыз желіге қосылған және Интернетке кіру мүмкіндігі бар болуы керек.
● Принтерде HP веб-қызметтері қосылып тұруы және принтер HP Connected қызметіне тіркелген
болуы керек.
HP веб-қызметтерін қосу және HP Connected арқылы тіркеу үшін мына процедураны орындаңыз:
1. HP ендірілген веб-серверін (EWS) ашыңыз:
а. Принтердің IP мекенжайын табыңыз. принтер басқару тақтасында түймесін басып, Ethernet
мәзірін таңдауға көрсеткі пернелерін пайдаланыңыз. Мәзірді ашу үшін OK түймесін басып,
IP мекенжайын немесе хост атауын көрсетіңіз.
ә. Компьютерден, принтердегі желімен бірдей желіден веб-браузерін ашыңыз. Мекенжай
жолында IP мекенжайын немесе хост атауын дәл принтердің басқару панеліндегідей теріңіз.
Компьютер пернетақтасындағы Enter пернесін басыңыз. EWS экраны ашылады.
ЕСКЕРТПЕ: Веб-браузер кірілетін веб-сайттың қауіпсіз болмауы мүмкін екендігін
көрсететін хабарды береді, веб-сайтты жалғастыру үшін опцияны таңдаңыз. Бұл веб-сайтқа
кіру компьютерге зақым келтірмейді.
2. HP Web Services (HP веб-қызметтері) қойындысын басыңыз.
3. Веб-қызметтерді қосу үшін, опцияны таңдаңыз.
KKWW Мобильді басып шығару шешімдері 79










