HP LaserJet Enterprise MFP M634, M635, M636 - User Guide
2. Веб-браузерді ашыңыз, мекенжай жолына IP мекенжайын принтердің басқару тақтасында
көрсетілгендей енгізіңіз. Компьютер пернетақтасындағы Enter пернесін басыңыз. EWS экраны
ашылады.
ЕСКЕРТПЕ: EWS қызметін ашқан кезде веб-браузер There is a problem with this website’s security
certicate (Бұл веб-сайттың қауіпсіздік сертификатына қатысты бір мәселе бар) хабарламасын
көрсетсе, Continue to this website (not recommended) (Бұл веб-сайтты ашуды жалғастыру
(ұсынылмайды)) опциясын басыңыз.
Continue to this website (not recommended) (Бұл веб-сайтты ашуды жалғастыру (ұсынылмайды))
опциясын таңдау HP принтері үшін EWS қызметінде шарлау барысында компьютерге зиян тигізбейді.
3. Көпфункциялы принтер үлгілері үшін Copy/Print (Көшіру/Басып шығару) қойындысын немесе
бірфункциялы принтер үлгілері үшін Print (Басып шығару) қойындысын таңдаңыз.
4. Сол жақ мәзірден Print from USB Drive Settings (USB құрылғысының параметрлерінен басып шығару)
опциясын таңдаңыз.
5. Enable Print from USB Drive (USB құрылғысынан басып шығаруды қосу) опциясын таңдаңыз.
6. Apply (Қолдану) түймешігін басыңыз.
USB құжаттарын басып шығару
1. USB флеш-дискісін оңай ашылатын USB портына салыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Порттың қақпағы болуы мүмкін. Кейбір принтерлерде қақпақты қайырып ашуға
болады. Басқа принтерлердің қақпағын алып тастау үшін оны тіке тартыңыз.
2. Принтердің басқару панеліндегі негізгі экранда Print (Басып шығару) басып, Print from USB Drive
(USB құрылғысынан басып шығару) таңдаңыз.
3. Choose (Таңдау) опциясын, одан кейін басып шығарылатын құжат атауын таңдаңыз да, Select
(Таңдау) опциясын басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Құжат қалтада болуы мүмкін. Қажетінше қалталарды ашыңыз.
4. Көшірмелер санын өзгерту үшін, көшірмелер саны жолын түртіңіз. Басып шығарылатын көшірмелер
санын енгізу үшін пернетақтаны пайдаланыңыз.
5. Құжатты басып шығару үшін Print (Басып шығару) түймешігін басыңыз.
82 4-тарау Басып шығару KKWW










