HP LaserJet Enterprise MFP M634, M635, M636 - User Guide
Жылдамдығы жоғары USB 2.0 портымен басып шығару
(сымды)
Басып шығару үшін жылдамдығы жоғары USB портын қосу
Принтер сымды USB арқылы басып шығаруға арналған USB 2.0 портымен жабдықталған. Порт
принтердің артқы жағындағы интерфейс порттарының аймағында орналасқан және әдетте өшірулі
болады. Портты қосу үшін келесі әдістердің бірін пайдаланыңыз. Портты қосқаннан кейін, осы порт
арқылы басып шығару үшін өнімнің бағдарламалық құралын орнатыңыз.
Бірінші әдіс: Жылдамдығы жоғары USB 2.0 портын принтердің басқару тақтасындағы мәзірлерден қосу
1. Принтердің басқару тақтасындағы негізгі экраннан Settings (Параметрлер) қолданбасын түртіп,
Settings (Параметрлер) белгішесін таңдаңыз.
2. Төмендегі мәзірлерді ашыңыз
а. Жалпы
ә. Құрылғы USB портын қосу
3. Enabled (Қосылған) опциясын таңдаңыз.
Екінші әдіс: Жылдамдығы жоғары USB 2.0 портын HP ендірілген веб-серверінен қосу (тек желіге қосылған
принтерлер)
1. Принтердің IP мекенжайын табыңыз: принтердің басқару тақтасының негізгі экранындағы
Information (Ақпарат) белгішесін, одан кейін IP мекенжайын немесе хост атауын көрсету үшін
Network (Желі) белгішесін басыңыз.
2. Веб-браузерді ашыңыз, мекенжай жолына IP мекенжайын принтердің басқару тақтасында
көрсетілгендей енгізіңіз. Компьютер пернетақтасындағы Enter пернесін басыңыз. EWS экраны
ашылады.
ЕСКЕРТПЕ: EWS қызметін ашқан кезде веб-браузер There is a problem with this website’s security
certicate (Бұл веб-сайттың қауіпсіздік сертификатына қатысты бір мәселе бар) хабарламасын
көрсетсе, Continue to this website (not recommended) (Бұл веб-сайтты ашуды жалғастыру
(ұсынылмайды)) опциясын басыңыз.
Continue to this website (not recommended) (Бұл веб-сайтты ашуды жалғастыру (ұсынылмайды))
опциясын таңдау HP принтері үшін EWS қызметінде шарлау барысында компьютерге зиян тигізбейді.
3. Security (Қауіпсіздік) қойындысын басыңыз.
4. Экранның сол жағынан General Security (Жалпы қауіпсіздік) тармағын таңдаңыз.
5. Hardware Ports (Аппарат порттары) тармағына төмен қарай өтіп, екі элементті де қосу үшін ұяшыққа
белгі қойыңыз:
● Құрылғы USB портын қосу
● Хост USB қосып та, пайдалану мүмкіндігін қосу
6. Apply (Қолдану) түймешігін басыңыз.
KKWW Жылдамдығы жоғары USB 2.0 портымен басып шығару (сымды) 83










