HP LaserJet Enterprise MFP M634, M635, M636 - Warranty and Legal Guide
HP компаниясының жалған өніммен күрес веб-торабы
HP картриджін салғанда, басқару тақтасындағы хабарлама картриджді HP компаниясы шығармағанын
көрсетсе, www.hp.com/go/anticounterfeit торабына кіріңіз. HP компаниясы картридждің шынайы екендігін
анықтауға көмектеседі және мәселені шешу үшін шаралар қолданады.
Төмендегі сипаттар байқалса, картридждің түпнұсқа HP картриджі болмауы мүмкін:
● Жабдықтар күйі беті HP шығармаған жабдықтың орнатылғанын көрсетеді.
● Тонер картриджін пайдаланғанда түрлі мәселелер туындайды.
● Картридж ол қалыпты түрдегідей көрінбейді (мысалы, орама HP орамасынан өзгеше).
Деректер тонер картриджінде сақталған
HP тонер картридждері осы өніммен пайдаланылады, оның құрамында өнімнің әрекетіне көмектесетін жад
микросхемасы бар.
Қосымша, бұл жад микросхемасы өнімді пайдалану туралы ақпаратты жинайды, оның құрамында
төмендегілер болуы мүмкін: тонер картриджінің алғашқы орнатылған күні, тонер картриджінің соңғы
пайдаланылған күні, тонер картриджі арқылы басып шығарылған беттер саны, бет толтыру,
пайдаланылған баспа режимдері, пайда болуы мүмкін кез келген баспа қателері және өнім моделі. Бұл
ақпарат HP компаниясына болашақта тұтынушының баспа қажеттіліктеріне сәйкес өнім жасақтау үшін
көмектеседі.
Тонер картриджінің жад микросхемасынан жиналған деректер құрамында тонер картриджінің немесе
олардың өнімінің тұтынушысы немесе пайдаланушысын анықтайтын ақпарат бар.
HP компаниясы HP компаниясының тегін қайтару және қайта қолдану бағдарламасына қайтарылған баспа
картридждерінен алынған жад микросхемасының үлгілерін жинайды (HP Planet Partners: www.hp.com/
recycle). Осы үлгіден алынған жад микросхемасы болашақ HP өнімдерін жақсарту үшін оқылады және
үйретіледі. Осы тонер картриджін қайта қолдануға көмектесетін HP әріптестері осы деректерге қол жеткізе
алады.
Тонер картриджіне ие болған кез келген үшінші тарап жад микросхемасындағы көрсетілмеген ақпаратқа
қол жеткізуі мүмкін.
Түпкі пайдаланушымен лицензиялық келісім
ОСЫ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛ ЖАБДЫҒЫН ПАЙДАЛАНУ АЛДЫНДА МҰҚИЯТ ОҚЫҢЫЗ: Осы Түпкі
пайдаланушының лицензиялық келісімі («EULA») — (а) сіз (жеке тұлға немесе жалғыз заңды тұлға) бен (ә)
HP Inc. («HP») арасындағы HP басып шығару құрылғысымен пайдалануға арналған HP ұйымы орнатқан
немесе қолжетімді еткен «Sign-In Once» қолданбасын («Бағдарламалық құрал») пайдалануды басқаратын
құқықтық келісім.
Осы EULA келісімінің қосымшасы немесе түзетпесі HP өнімімен жүруі мүмкін.
БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛҒА ҚАТЫСТЫ ҚҰҚЫҚТАР ОСЫ КЕЛІСІМНІҢ БАРЛЫҚ ШАРТТАРЫМЕН ЖӘНЕ
ЕРЕЖЕЛЕРІМЕН КЕЛІСКЕН ЖАҒДАЙДА ҒАНА БЕРІЛЕДІ. БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛДЫ ОРНАТУ, ЖҮКТЕП АЛУ
НЕМЕСЕ БАСҚАША ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ СІЗ ОСЫ EULA ШАРТТАРЫН ОРЫНДАУҒА КЕЛІСІМ БЕРЕСІЗ. ОСЫ
ЛИЦЕНЗИЯ ШАРТТАРЫН ҚАБЫЛДАМАСАҢЫЗ, ОНДА БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛДЫ ПАЙДАЛАНУДЫ ДЕРЕУ
ТОҚТАТЫП, ОНЫ ҚҰРЫЛҒЫҢЫЗДАН ЖОЮЫҢЫЗ КЕРЕК.
14 1-тарау Қызмет және Қолдау KKWW










