HP LaserJet Enterprise MFP M634, M635, M636 - Warranty and Legal Guide

11. ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ ШЕКТЕУ. Жергілікті заңға сәйкес орын алған зақымға қарамастан, осы EULA келісімі
бойынша HP компаниясы мен оның жеткізушілерінің толық жауапкершілігі мен сіз алатын жалғыз
өтемақыңыз Бағдарламалық құралға төленген құннан артық мөлшермен немесе $5,00 АҚШ
долларымен шектеледі. ҚОЛДАНЫЛАТЫН ЗАҢМЕН РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН МАКСИМАЛДЫ АУҚЫМДА, ЕШ
УАҚЫТТА HP НЕМЕСЕ ОНЫҢ ЖАБДЫҚТАУШЫЛАРЫ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛДЫ ПАЙДАЛАНУҒА НЕМЕСЕ
ПАЙДАЛАНА АЛМАУҒА ҚАТЫСТЫ НЕМЕСЕ БАСҚАША ОСЫ EULA КЕЛІСІМІНІҢ КЕЗ КЕЛГЕН ШАРТЫНА
БАЙЛАНЫСТЫ ӘДЕЙІ, БАЙҚАМАЙ, ЖАНАМА НЕМЕСЕ ҚОСАЛҚЫ ЖАСАЛҒАН ЗАҚЫМДАР ҮШІН
АБЫСТЫҢ ЖОҒАЛУЫ, ДЕРЕКТІҢ ЖОҒАЛУЫ, БИЗНЕСКЕ КЕРІ ӘСЕР ЕТУІ, АДАМ ЖАРАҚАТЫ НЕМЕСЕ
ҚҰПИЯНЫҢ АШЫЛУЫ СИЯҚТЫ ЗАРДАПТАРДЫ ҚОСА БІРАҚ ОЛАРМЕН ШЕКТЕЛМЕСТЕН), ТІПТІ HP НЕ
ОНЫҢ КЕЗ КЕЛГЕН ЖАБДЫҚТАУШЫСЫНА АЛДЫН АЛА АЙТЫЛСА ДА, ЖОҒАРЫДА АЙТЫЛҒАН
КОМПЕНСАЦИЯ НЕГІЗГІ МАҚСАТЫНА ЖЕТПЕГЕН ЖАҒДАЙДА ДА
, ЖАУАПТЫ БОЛМАЙДЫ. Кейбір
штаттар/юрисдикциялар жанама немесе қосалқы зияндарды есептемеуге немесе шектеуге рұқсат
бермейді. Сондықтан жоғарыда айтылған шектеу немесе ерекшелік сізге қатысты болмауы мүмкін.
12. АҚШ ҮКІМЕТІНІҢ ТҰТЫНУШЫЛАРЫ. FAR 12.211 және FAR 12.212 стандарттарымен сәйкестік,
коммерциялық компьютерлік бағдарламалық құрал құжаттамасы және коммерциялық элементтердің
техникалық деректері HP коммерциялық лицензия келісіміне сәйкес беріледі.
13. ЭКСПОРТТАУ ЗАҢДАРЫМЕН ҮЙЛЕСІМДІЛІГІ. Бағдарламалық құрал (1) тікелей немесе жанама түрде
экспорттау заңдарына қайшы экспортталмағанын немесе (2) экспорттау заңдарымен тыйым салынған
мақсатта, оның ішінде, бірақ онымен шектелместен ядролық, химиялық немесе биологиялық қару
ретінде пайдаланылмағанын қамтамасыз ету үшін Америка Құрама Штаттары мен басқа елдердегі
(«Экспорттау заңдары») барлық заңдар мен ережелерге сәйкес болуы керек.
14. КЕЛІСІМШАРТ ЖАСАУ МҮМКІНДІГІ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІГІ. Тұрғылықты орында заңды жасқа жеткеніңізді
және қолданбалы болған жағдайда осы келісімшартқа кіруге жұмыс берушімен заңды түрде
өкілеттік берілгенін көрсетесіз.
15. ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЗАҢ. Бұл EULA келісімі АҚШ-тың Калифорния штаты заңдарымен басқарылады.
16. ТОЛЫҚ КЕЛІСІМ. Бағдарламалық құралдың бөлек лицензиялық келісіміне отырғанша, осы EULA
келісімі (оның ішінде HP өніміңізбен берілетін осы EULA келісімінің қосымшасы немесе түзетпесі) — сіз
бен HP арасындағы бағдарламалық құралға қатысты толық келісім және барлық бастапқы немесе
өткен бағдарламалық құралға немесе осы EULA келісімімен қамтылған барлық басқа нысанға
қатысты ауызша немесе жазбаша байланыстарды, ұсыныстарды және көрсетілімдерді алмастырады.
Қолдау көрсету қызметтеріне арналған HP саясаттарының немесе бағдарламаларының шарттары
осы EULA келісімінің шарттарымен қарама-қайшы болса, осы EULA келісімінің шарттары бойынша
басқарылады.
17. ТҰТЫНУШЫ ҚҰҚЫҚТАРЫ. Кейбір елдердегі, штаттардағы немесе аудандардағы тұтынушылар
тұтынушы заңнамасына сәйкес белгілі бір құқықтар мен ескертулер артықшылығына ие болуы
мүмкін, бұл орайда HP компаниясы міндеттемесі заңды түрде шектелмейді. Елдегі, штаттағы немесе
аудандағы тиісті тұтынушы заңнамасына сәйкес бағдарламалық құрал тұтынушы ретінде алынса,
осы EULA жағдайлары (оның ішінде, кепілдіктерден бас тарту, шектеулер және міндеттеме
ерекшеліктері) қолданбалы заңға сәйкес оқылып, тек қолданбалы заңға сәйкес қолданылуы керек.
Австралия тұтынушылары: Австралияның Бәсекелестік және тұтынушы актісі 2010 (Cth) бойынша
"Австралия тұтынушы заңына" сәйкес бағдарламалық құрал тұтынушы ретінде алынса, осы EULA
келісімінің басқа жағдайлары ескерілмейді:
а. бағдарламалық құрал Австарлияның тұтынушы заңына сәйкес жойылмайтын кепілдіктермен
келеді, оның ішінде тауарлар қабылданатын сапада болады және қызметтер дұрыс күтіммен
және біліктілікпен жеткізіледі. Сіз негізгі ақаулық жағдайында ауыстыруға немесе қайта
қаржыландыруға және болжалды кемшілік немесе зақым жағдайында өтемақы алуға
KKWW Түпкі пайдаланушымен лицензиялық келісім 17