HP LaserJet Enterprise MFP M634, M635, M636 - Warranty and Legal Guide

орнына қайтару құнын қайтара алуы мүмкін; оған қоса, Жаңа Зеландия тұтынушысының HP
компаниясына тауарларды қайтару құны айтарлықтай болса, HP компаниясы бұндай тауарларды өз
есебінен жинайды. Өнімдер немесе қызметтер іскери мақсатта көрсетілетін болса, 1993 жылғы
Тұтынушы кепілдіктері актісі қолданылмайтынына және транзакция түрі мен мәні дұрыс әрі анық
екендігіне келісесіз.
© Copyright 2019 HP Development Company, L.P.
Осы құжатта берілген ақпарат ескертусіз өзгертіледі. Осы құжатта аталған барлық басқа өнім атаулары
тиісті компаниялардың сауда белгілері болуы мүмкін. Қолданыстағы заңмен рұқсат етілетін мерзімді ұзарту
үшін НР өнімдері мен қызметтеріне берілетін кепілдіктер тек сондай өнімдер мен қызметтерге қоса
берілетін тікелей кепілдік мәлімдемелерінде көрсетіледі
. Осы құжаттағы ешнәрсе қосымша кепілдік деп
түсінілмеуі тиіс. Қолданыстағы заңмен рұқсат етілетін мерзімде HP ұйымы осындағы техникалық, өңдеу
қателеріне немесе кемшіліктерге жауапты болмайды.
Нұсқа: Сәуір, 2019 ж.
Пайдаланушының орындайтын жөндеудің кепілдік қызметі
HP өнімдерінде көптеген пайдаланушымен орындалатын жөндеуге арналған (CSR) бөлшектер бар. Олар
жөндеу уақытын қысқартып, ақауы бар бөлшектерін ауыстыруды жеңілдетуге арналған. Егер диагностика
кезінде HP компаниясы бұл жөндеу жұмысын CSR бөлшегі арқылы орындауға болатынын анықтаса, ол сол
бөлшекті сізге жібереді. CSR бөлшектердің екі санаты бар: 1) Пайдаланушымен міндетті түрде
орындалатын жөндеуге арналған бөлшектер. Егер сіз HP компаниясына сол бөлшектерді ауыстыруға
тапсырыс берсеңіз, сол қызметке байланысты жол мен жұмыс ақысын өтеу сізден талап етіледі. 1)
Пайдаланушымен міндетті емес түрде орындалатын жөндеуге арналған бөлшектер. Бұл бөлшектер
Пайдаланушымен орындалатын жөндеу жұмысына жасақталған. Егер сіз ауыстыруды HP компаниясынан
сұрасаңыз, бұл жұмыс өніміздің кепілдік қызметінің түріне сәйкес қосымша ақысыз жасалады.
Бар-жоғына және географиялық орналасқан жеріне байланысты CSR бөлшектері келесі жұмыс күні
жеткізіледі. Сол күні немесе төрт сағат ішінде жеткізу географиялық орналасқан жеріне байланысты
қосымша ақыға ұсынылады. Егер көмек қажет болса, сіз HP Техникалық қолдау Орталығымен телефон
арқылы байланысып, техниктің көмегін алуыңызға болады. HP компаниясы CSR бөлшектерімен бірге
жіберілген материалдарында ақауы бар бөлшекті HP компаниясына қайтару қажеттігін немесе
қажетсіздігін көрсетеді. Егер ақауы бар бөлшекті HP компаниясына қайтару қажет етілсе, онда оны
көрсетілген уақытта, әдетте бес (5) жұмыс күн ішінде қайтаруыңыз керек. Ақауы бар бөлшекті өзінің
құжаттарымен бірге тасымалдау материалдарының құрамында жіберу керек. Егер ақауы бар бөлшекті
жібермесеңіз, HP компаниясы сізден ауыстыруға жіберілген бөлшектің ақысын талап етеді.
Пайдаланушымен орындалатын жөндеу болса, HP компниясы барлық тасымалдау шығынын және
қайтару шығынның жартысын төлеп, тасымалдаушыны таңдайды.
Тұтынушыға қолдау көрсету
Еліңіз/аймағыңыз үшін телефон қолдауын алыңыз
Өнім атауын, сериялық нөмірін, сатып алынған күнін және
проблемалардың сипаттамаларын көріңіз.
Ел/аймақ телефон нөмірлері өніміңіздің қорабында болған
флаерде немесе www.hp.com/support/ сайтында бар.
24 сағат бойы интернет арқылы қолдау алу және
бағдарламалық құрал утилиталары мен драйверлерін жүктеп
алу
http://www.hp.com/support/ljM634MFP, http://www.hp.com/
support/ljM635MFP немесе http://www.hp.com/support/
ljM636MFP
Қосымша HP қызмет көрсетуіне немесе қызмет келісімдеріне
тапсырыс беру
www.hp.com/go/carepack
Өнімді тіркеу www.register.hp.com
KKWW Пайдаланушының орындайтын жөндеудің кепілдік қызметі 19