HP LaserJet Enterprise MFP M634, M635, M636 - Warranty and Legal Guide
ЭМҮ мәлімдемесі (Корея)
ЭМҮ мәлімдемесі (Қытай)
Қуат сымы нұсқаулары
Қуат көзі өнімнің кернеуіне сәйкес келетінін тексеріңіз. Номиналды кернеу мөлшері принтердің
жапсырмасында көрсетіледі. Өнімде 100-127 В немесе 220-240 В айнымалы ток кернеуі және 50/60 Гц
жиілік пайдаланылады.
Қуат сымын өнім мен жерге қосылған айнымалы ток розеткасының арасында жалғаңыз.
ЕСКЕРТУ: Өнімді зақымдамау үшін, тек онымен бірге берілген қуат сымын пайдаланыңыз.
Қуат сымы (Жапония)
Лазермен жұмыс істеу қауіпсіздігі
АҚШ Азық-түлік және дәрі-дәрмектер басқармасының Құрылғылар мен радиологиялық денсаулық
орталығы (CDRH) 1976 жылдың 1-тамызына дейін шығарылған лазер өнімдері ережелерін іске асырды.
Америка Құрама Штаттарында шыққан өнімдердің сәйкестігі міндетті. АҚШ Денсаулық және адам
қызметтері бөлімінің (DHHS) Радиация өнімділігі стандарты бойынша 1968 жылғы Денсаулық пен
қауіпсіздікке қатысты радиация әсерін басқару актісіне сәйкес құрылғы "1-класты" лазер өнімі ретінде
сертификатталған. Құрылғы ішінен шыққан радиация қорғалған корпустармен және сыртқы қақпақтармен
шектелсе, қалыпты пайдаланушы жұмысы барысында лазер сәулесі шықпауы мүмкін.
34 3-тарау Нормативтік ақпарат KKWW










