User's Guide

Оң жағы
Бөлік Сипаттама
(1) Дыбыс деңгейін реттеу түймешігі Компьютерде үндеткіштің дыбыс деңгейін басқарады.
(2) Батарея шамы Айнымалы ток көзіне қосылған кезде:
Ақ: Батарея заряды 90% асады.
Сары: Батарея заряды — 0 мен 90% аралығында.
Өшірулі: Батарея зарядталмайды.
Айнымалы ток қуаты ажыратылған кезде (батарея
зарядталмай тұрғанда):
Сары түсте жыпылықтау: Батарея заряды аз деңгейге
жетті. Батарея төмен заряд деңгейіне жеткенде,
батарея шамдары жылдам жыпылықтай бастайды.
Өшірулі: Батарея зарядталмайды.
(3) HP Sleep and Charge (HP ұйқы және зарядтау)
мүмкіндігі бар USB Type-C қуат қосқышы
және Thunderbolt™ порттары (2)
Компьютерге қуат беретін және, қажет болса, компьютер
батареясын зарядтайтын USB Type-C қосқышы бар
айнымалы ток адаптерін қосады.
– және –
Ұялы телефон, камера, белсенділік трекері немесе смарт
сағат сияқты, Type-C коннекторы бар USB құрылғыларының
көбін жалғап, зарядтайды және деректерді жоғары
жылдамдықпен беруді қамтамасыз етеді.
– және –
DisplayPort шығыс ұясын қамтамасыз ету арқылы USB Type-
C қосқышы бар дисплей құрылғысын жалғаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Сонымен қатар компьютеріңіз Thunderbolt
қондыру станциясына қолдау көрсетуі мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: Кабельдер мен/немесе адаптерлер (бөлек
сатылады) қажет болуы мүмкін.
(4) HDMI порты Ажыратымдылығы жоғары теледидар немесе кез келген
сыйысымды сандық не аудио компоненті сияқты қосымша
видео не аудио құрылғыны, сондай-ақ жылдамдығы
жоғары HDMI құрылғысын қосады.
(5) HP Sleep and Charge (HP ұйқы және зарядтау)
мүмкіндігі бар USB SuperSpeed порты
USB құрылғысын жалғайды, жоғары жылдамдықпен
деректер беруді қамтамасыз етеді және компьютер өшірулі
болса да, ұялы телефон, камера, белсенділік трекері немесе
смарт сағат сияқты өнімдерді зарядтайды.
Оң жағы 5