Equipment reference manual OMEN X
Бөлік Сипаттама
●
Өшірулі: компьютер өшірулі немесе күту күйінде. Күту күйі — ең аз 
мөлшерде қуат тұтынатын қуатты үнемдеу күйі. 
(3) Сымсыз байланыс шамы
●
Қосу: Сымсыз жергілікті желі (WLAN) құрылғысы және/немесе 
Bluetooth® құрылғысы сияқты бекітілген сымсыз құрылғы қосулы.
●
Өшірулі: Барлық кірістірілген сымсыз құрылғылар өшірулі.
ЕСКЕРТПЕ: Кейбір өнімдерде барлық сымсыз құрылғылар өшірулі 
болғанда, сымсыз байланыс шамы сары түспен жанып тұрады.
(4) Аудио кіріс (микрофон) 
ұясы
Қосымша компьютердің гарнитура микрофонын, стереомикрофонды 
немесе моно микрофонды қосады.
(5) Аудио шығыс 
(гарнитура) ұясы/Аудио 
кіріс (микрофон) тізбекті 
ұяшығы
Токқа қосылатын қосымша стерео үндеткіштер, құлақаспаптар, тығын 
тәріздес құлақаспаптар, гарнитура немесе теледидар дыбыс кабелі 
қосылады. Сонымен қатар, қосымша гарнитура микрофонын қосады. Бұл 
ұяшық қосымша автономды микрофонды қолдамайды.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптар, тығын 
тәріздес құлақаспап немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс деңгейін 
реттеңіз. Қосымша қауіпсіздік ақпаратын алу үшін, Заңдық, қауіпсіздік 
және экологиялық ескертпелер қараңыз.
Бұл нұсқаулықты пайдалану үшін:
▲ Пуск (Бастау) түймесін басып, Все программы (Барлық 
бағдарламалар), Справка и поддержка HP (HP анықтамасы және 
қолдау), одан кейін Документация HP (HP құжаттары) тармақтарын 
таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Құрылғы ұяға қосылған кезде, компьютер үндеткіштері 
ажыратылады.
(6) USB 3.0 порты Пернетақта, тінтуір, сыртқы диск, принтер, сканер немесе USB хабі сияқты 
қосымша USB құрылғысы жалғанады.
(7) USB 3.0 зарядтау (қуат 
берілетін) порты
Пернетақта, тінтуір, сыртқы диск, принтер, сканер немесе USB хабі сияқты 
қосымша USB құрылғысы жалғанады. Барлық USB құрылғылары 
стандартты USB порттары арқылы зарядталмайды немесе зарядтау үшін 
төмен ток қолданылады. Кейбір USB құрылғыларын зарядтау үшін оларды 
ток беретін портқа жалғау қажет.
ЕСКЕРТПЕ: USB зарядтау порты арқылы компьютер өшірулі болса да, 
ұялы телефондардың және MP3 ойнатқыштардың кейбір үлгілерін 
зарядтауға болады.
(8) USB Type-C порттары (2) Type-C қосқышы бар USB құрылғыларын жалғаңыз.
(9) Жад картасын оқу 
құрылғысы
Ақпарат сақтауға, басқаруға, ортақ пайдалануға немесе ашуға мүмкіндік 
беретін қосымша жад карталарын оқиды.
Картаны салу үшін:
1. Қосқыштарын компьютерге қаратып, картаның жапсырма жағын 
жоғары қаратып ұстаңыз.
2. Картаны жад картасын оқу құрылғысына енгізіп, нық отырғанша 
үстінен басыңыз.
Картаны алып тастау үшін:
Оң жағы 5










