Equipment reference manual OMEN X

Бөлік Сипаттама
(5) USB Type-C SuperSpeed порты
(тек таңдаулы өнімдерде)
Ұялы телефон, камера, әрекет бақылауышы немесе смарт сағат сияқты
Type-C қосқышы бар және жылдамдығы жоғары деректерді көшіруді
қамтамасыз ететін USB құрылғысын қосады және зарядтайды.
(6) USB 3.x порттары (өнімге
байланысты 6 не 7)
Пернетақта, тінтуір, сыртқы диск, принтер, сканер немесе USB хабі сияқты
қосымша USB құрылғыларын жалғаңыз.
(7) RJ-45 (желі) ұясы/күй
шамдары
Желілік кабелді қосады.
Ақ: Желі қосылған.
Сары: Желіде әрекет орын алуда.
(8) Aудио шығыс (құлақаспап)
ұясы
Токқа қосылатын қосымша стерео үндеткіштер, құлақаспаптар, тығын
тәріздес құлақаспаптар, гарнитура немесе теледидар дыбыс кабелі
қосылады.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптарды,
тығын тәріздес құлақаспапты немесе гарнитураны кимес бұрын дыбыс
деңгейін реттеңіз. Қауіпсіздік туралы қосымша ақпарат алу үшін, Заңдық,
қауіпсіздік және экологиялық ескертпелер нұсқаулығын қараңыз.
Бұл нұсқаулықты пайдалану үшін:
Пуск (Бастау) түймесін басып, Все программы (Барлық
бағдарламалар), Справка и поддержка HP (HP анықтамасы және
қолдау), одан кейін Документация HP (HP құжаттары) тармақтарын
таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Құрылғы гарнитура ұясына қосылған кезде, компьютер
үндеткіштері ажыратылады.
(9) Қуат қосқышы Айнымалы ток сымын жалғайды.
Артқы жағы 7