Equipment reference manual OMEN X

Егер DIMM ұяшықтары жалғыз арнада орналасса, жүйе жалғыз арналы режимде жұмыс істейді.
Егер А арнасындағы DIMM модулінің жад сыйымдылығы В арнасындағы DIMM модулінің жад
сыйымдылығына тең болса, жүйе өнімділігі жоғарылау қос арналы режимде жұмыс істейді.
Егер А арнасындағы DIMM жадының толық сыйымдылығы В арнасындағы DIMM жадының толық
сыйымдылығына тең болмаса, жүйе икемді режимінде жұмыс істейді. Икемді жүйесінде ең аз
жад мөлшері бар арна қос арнаға тағайындалған толық жад мөлшерін және жалғыз арнаға
тағайындалған қалдықты сипаттайды. Егер бір арнаның жады екінші арнаның жадынан артық
болса, үлкендеу мөлшері А арнасына тағайындалуы тиіс.
Барлық режимде ең жоғары жұмыс жылдамдығы жүйедегі ең баяу DIMM арқылы анықталады.
DIMM модульдерін ауыстыру немесе орнату
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Қуат сымын ажыратып, жад модульдарын қосқанға немесе алғанға дейін
шамамен 30 секундтай кернеудің басылғанын күту керек. Қуат қосу/өшіру күйіне қарамастан,
компьютер қосылып тұрған AТ көзіне жалғанып тұрса, тоқ жад модульдарына әрқашан жабдықталып
тұрады. Кернеу бар кезде жад модульдарын қосу немесе алу нәтижесінде жад модульдарына немесе
жүйе тақтасына жөнделмейтін зақым келуі мүмкін.
Жад модульдарының ұяшықтарының алтындалған метал контактілері болады. Жадты жаңартқанда
үйлеспейтін металдардың бір-бірімен қатынасы нәтижесінде пайда болатын тотығу және/немесе
қышқылданудың алдын алу үшін алтындалған метал контактісі бар жад модульдарын қолдану
маңызды.
Статикалық электр қуаты компьютердің электрондық құрамдас бөлшектерін немесе қосымша
карталарды зақымдауы мүмкін. Бұл іс рәсімдерін бастамас бұрын, жерге қосылған темір затты ұстап
қалып статикалық электр зарядыңыздың жоқ екенін тексеріңіз. Қосымша ақпаратты Электр
статикалық разряд (36-бет) тарауынан қараңыз.
Жад модулін қолданғанда контактілеріне қол тигізбеңіз. Солай болған жағдайда модульге зақым келуі
мүмкін.
1. Компьютерді бөлшектеуге дайындаңыз (Бөлшектеуге дайындалу (9-бет)).
2. Кіру панелін алып тастаңыз (Алынбалы тақтаны алу және орнына салу (19-бет)).
3. DIMM модулін алып тастау үшін DIMM (1) модулінің екі жағындағы бір ысырманы сыртынан
басып, DIMM модулін ұядан тартып шығарыңыз (2).
Жүйелік жадты орнату 21