Equipment reference manual OMEN X

PCI желдеткішін алып тастау
PCI желдеткіші корпус алдына бекітілген және графикалық карталар үшін қосымша салқындатуды
қамтамасыз етеді. PCI желдеткішін алып тастамас немесе орнатпас бұрын алдыңғы жапқышты толық
алып тастау керек.
1. Компьютерді бөлшектеуге дайындаңыз (Бөлшектеуге дайындалу (9-бет)).
2. Кіру панелін алып тастаңыз (Алынбалы тақтаны алу және орнына салу (19-бет)).
3. Алдыңғы жапқышты алып тастау үшін:
а. Корпус сыртынан астыңғы кабельдерге қатынасу үшін жапқышты корпустан барынша (1)
көтеріп шығарыңыз. Алдыңғы жапқышқа жалғанатын екі кабель бар екенін ескеріңіз.
ә. Кабельдерді корпустан (2) ажыратыңыз.
4. Сүзгіні желдеткіш астынан тыс жылжытып, желдеткіш сүзгісін алып тастаңыз.
5. PCI желдеткішін алып тастау үшін:
а. Корпус ішінен жүйелік тақтадағы желдеткіш кабелін ажыратыңыз (1).
ә. Корпус сыртынан желдеткішті корпусқа бекітетін төрт бұранданы (2) алып тастаңыз.
PCI желдеткішін алып тастау 27