Equipment reference manual OMEN X
ә Компьютер жұмысы туралы нұсқаулық 
және күнделікті қызмет көрсету
Компьютер және мониторды дұрыс орнату және күту үшін мына нұсқаулықтарды орындаңыз:
●
Компьютерді шамадан тыс ылғалдан, күннің көзі тікелей түсетін және өте салқын немесе ыстық 
жерден аулақ ұстаңыз.
●
Компьютерді тұрақты, жазық жерде қолданыңыз. Қажетті ауа ағынын қамтамасыз ету үшін 
компьютердің барлық желдетілетін жақтарында және монитордың үстінде 10,2 cм (4 дюйм) бос 
орын қалдырыңыз.
●
Компьютердің желдеткішерін бөгеп, желдетуін азайтып тастамаңыз. Пернетақтаны құралға тым 
жақын орналастырмаңыз, желдетуді тежеуі мүмкін.
●
Алынбалы панелінің немесе басқа кеңейту карталарының жапқышын жаппай компьютерді 
қолданбаңыз.
●
Компьютерлерді бірі бірінің үстіне үймеңіз немесе бір біріне жақын қоймаңыз, әйтпесе олардың 
қайта айналымдағы немесе қызып кететін ыстық ауасы бір біріне әсер етеді.
●
Егер компьютер тұйық жерде қолданылса, ауа соратын желдеткіш қамтамасыз ету керек және 
жоғарыдағы нұсқаулықтарды орындау міндет.
●
Компьютер мен пернетақтадан сұйықты қашық ұстаңыз.
●
Монитордың желдеткіш ұяшықтарын ешқандай материалмен жабуға болмайды.
●
Жұмыс жүйесінің немесе басқа бағдарламаның қуат басқару функцияларын орнатыңыз немесе 
іске қосыңыз, ұйқы күйін қоса.
●
Келесі қадамдарды жасар алдында компьютерді өшіріңіз:
—
Компьютердің сыртын жұмсақ, дымқыл шүберекпен сүртіп алыңыз. Тазалау өнімдерін 
пайдалану салдарынан жабдықтың сыртқы беті түссізденуі немесе зақымдануы мүмкін.
—
Компьютердің жақтарындағы желдеткіш саңылауларын тазалап отырыңыз. Жүн, шаң, және 
басқа бөтен заттар желдеткішті бөгеп, ауа жүрісін шектеуі мүмкін.
37










