Equipment reference manual OMEN X
Түс аймақтары
Компьютер тоғыз бағдарламаланатын, жарықтандырылған түс аймағын қамтиды және олар бірегей 
жарықтандыру әсерлерін жасауға мүмкіндік береді. OMEN Control құралымен әр аймақтың немесе 
аймақ топтарының түстерін реттеуге болады. 
ЕСКЕРТПЕ: Компьютерді алғаш орнатқан кезде, барлық түс аймақтары қызыл түсті болады. 
OMEN басқару құралында теңшеуге болатын төрт түс әсері бар:
●
Тұрақты түс — әрбір тоғыз түс аймағы үшін жарықтықты және жарық түсін теңшеңіз.
●
Түсті шоу — барлық түс аймақтары үшін екі - төрт түс топтарына дейін реттеңіз. Түстер бір топтан 
басқа топқа орнатылған уақыт өткенде ауысады.
●
Дыбыстық көрсетілім — дыбысты шығару жиілігіне әрекет ету үшін жарықтықты орнатыңыз. 
●
Өшірулі — барлық түс аймақтарында жарықты өшіріңіз.
OMEN басқару құралын ашу және жарықтандыру әсерлерін реттеу үшін:
▲
Пуск (Бастау) түймесін басып, Все программы (Барлық бағдарламалар), одан кейін Центр 
управления OMEN (OMEN басқару құралы) тармақтарын таңдаңыз. 
Алдыңғы жағы 3










