User's Guide
Артқы жағы 
Бөлік Сипаттама
(1)   Бүйірлік панельді босату ысырмасы Бүйірлік панельді босатады.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ауыр жарақат алу немесе жабдықтың 
зақымдалу қаупін азайту үшін 1300 Вт қуат блогын 
қамтитын компьютердің шасси қақпағын ашпаңыз. Сізде 
600 Вт немесе 1300 Вт қуат блогының болғандығын анықтау 
үшін компьютердің артындағы жапсырманы қараңыз.
(2) Қауіпсіздік кабелінің ұясы Қосымша қауіпсіздік кабелін компьютерге жалғайды.
ЕСКЕРТПЕ: Қауіпсіздік кабелі сақтандырғыш құрал ретінде 
әрекет ету үшін жасалған, бірақ ол компьютерге күтімсіз 
қараудан немесе оны ұрланудан қорғай алмауы мүмкін.
(3)   Желдеткіш саңылаулары (2) Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қамтамасыз 
етеді.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді 
салқындату үшін және қызып кетуден қорғау үшін 
автоматты түрде қосылады. Жұмыс барысында 
желдеткіштің біресе қосылып, біресе өшіп отыруы – 
қалыпты жағдай.
(4)   Оптикалық шығыс қосқышы Сандық үндеткіштерді (бөлек сатылады) қосады.
(5) USB Type-C зарядтау порты (тек таңдаулы 
өнімдерде)
Компьютер қосулы кезінде ұялы телефон, камера, әрекет 
бақылауышы немесе смарт сағат сияқты, C түрлі 
коннекторы бар USB құрылғыларын жалғап, зарядтайды.
(6) USB 3.х SuperSpeed порттары (6 не 7) Ұялы телефон, камера, белсенділік трекері немесе смарт 
сағат сияқты USB құрылғысын жалғап, деректерді жоғары 
жылдамдықпен беруді қамтамасыз етеді.
10 2-тарау Компьютермен танысу










