User's Guide
3 Желіге қосылу
Осы компьютермен кез келген жерге саяхаттауға болады. Алайда, компьютер мен сымсыз не сымды
желі байланысын пайдаланып үйде отырып та дүние жүзін шарлап, миллиондаған веб-тораптардың
ақпараттарына қол жеткізуге болады. Осы тараудағы ақпарат әлеммен байланысуға көмектеседі.
Сымсыз желіге қосылу
Компьютер келесі сымсыз құрылғылардың біреуі немесе бірнешеуімен жабдықталған болуы мүмкін:
●
WLAN құрылғысы компьютерлерді корпоративті офистер, үй және әуежайлар, мейрамханалар,
кафелер, қонақ үйлер және университеттер сияқты қоғамдық орындарда (әдетте, Wi-Fi желілері,
сымсыз LAN немесе WLAN деп аталатын) сымсыз жергілікті желілерге қосады. WLAN желісінде
компьютеріңіздегі мобильді сымсыз құрылғы сымсыз жол жоспарлағышымен немесе сымсыз кіру
нүктесімен байланысады.
●
Bluetooth® құрылғысы – компьютерлер, телефондар, принтерлер, құлақаспаптар, үндеткіштер
және камералар сияқты Bluetooth қызметі қосылған басқа құрылғыларға қосылу үшін жеке аймақ
желісін (PAN) жасайды. PAN желісіндегі әр құрылғы басқа құрылғылармен тікелей байланысады
және бұл құрылғылар бір-біріне біршама жақын, әдетте бір-бірінен 10 метр (шамамен 33 фут)
қашықтықта болуы тиіс.
Сымсыз басқару элементтерін пайдалану
Компьютердегі сымсыз құрылғыларды амалдық жүйенің басқару элементтері арқылы басқаруға
болады.
Амалдық жүйе басқару элементтері
Желі және ортақ қолдану орталығы қосылымды немесе желіні орнатуға, желіге қосылуға, желі
ақаулықтарын тексеруге және жөндеуге мүмкіндік береді.
Амалдық жүйенің басқару элементтерін пайдалану үшін:
1. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында панель управления (басқару тақтасы) сөз тіркесін
жазып
, Панель управления (Басқару тақтасы) опциясын таңдаңыз.
2. Сеть и Интернет (Желі және Интернет) пәрменін, одан кейін Центр управления сетями и общим
доступом (Желілер мен ортақ кіруді басқару орталығы) пәрменін таңдаңыз.
WLAN желісіне қосылу
ЕСКЕРТПЕ: Үйде Интернет байланысын орнату кезінде, Интернет провайдерінің (ISP) есептік
жазбасын орнату қажет. Интернет қызметін және модемді сатып алу үшін жергілікті Интернет
провайдерімен хабарласыңыз. Интернет провайдері модем параметрлерін реттеуге, сымсыз
жолжоспарлағышты модемге қосу үшін желі кабелін орнатуға және Интернет қызметін тексеруге
көмектеседі.
14 3-тарау Желіге қосылу










