User's Guide
WLAN желісіне қосылу үшін, осы қадамдарды орындаңыз:
1. WLAN құрылғысының қосулы екендігіне көз жеткізіңіз.
2. Тапсырмалар тақтасындағы желі күйінің белгішесін басып, желілердің біреуіне қосылыңыз.
Егер желі қауіпсіз қосылған WLAN желісі болса, сізден желінің қауіпсіздік кілтін енгізу сұралады.
Кодты енгізіп, қосылуды аяқтау үшін, Далее (Келесі) түймешігін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер WLAN тізімі көрсетілсе, сымсыз жол жоспарлағышы ауқымының немесе кіру
нүктесінің сыртында болуыңыз мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: Өзіңіз қосылғыңыз келген WLAN көрінбесе, тапсырмалар тақтасындағы желі күйінің
белгішесін оң жақ түймешікпен басыңыз да, Открыть центр управления сетями и общим
доступом (Желі және ортақтасу орталығын ашу) пәрменін таңдаңыз. Настройка нового
подключения или сети (Жаңа қосылым немесе желіні орнату) пәрменін таңдаңыз. Желіні қолмен
іздеу және оған қосылу немесе жаңа желі байланысын орнатуға мүмкіндік беретін опциялар тізімі
ашылады.
3. Экрандағы нұсқауларды орындап қосылысты аяқтаңыз.
Қосылыс орнатылып болған соң, қосылыстың аты мен күйін тексеру үшін, тапсырмалар тақтасының
оң жақ шетіндегі хабарландыру аймағындағы желі күйінің белгішесін түртіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Жұмыс ауқымы (сымсыз сигналдардың жету алыстығы) WLAN кіруіне, жол
жоспарлағышын өндірушіге және басқа электрондық құрылғылардан алынған кедергілерге немесе
қабырғалар және едендер сияқты құрылымды тосқауылдарға байланысты болады.
Bluetooth сымсыз құрылғыларын пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде)
Bluetooth құрылғысы әдетте мына электрондық құрылғыларды байланыстыратын физикалық кабель
қосылымдарын ауыстыратын қысқа ауқымды сымсыз байланыстарды қамтамасыз етеді:
●
Компьютерлер (жұмыс үстелі, ноутбук)
●
Телефондар (ұялы, сымсыз, смартфон)
●
Сурет түсіретін құрылғылар (принтер, камера)
●
Дыбыстық құрылғылар (гарнитура, үндеткіштер)
●
Тінтуір
●
Сыртқы пернетақта
Bluetooth құрылғыларын қосу
Bluetooth құрылғысын пайдаланбас бұрын Bluetooth қосылысын орнату қажет.
1. Тапсырмалар тақтасының іздеу терезесінде bluetooth сөзін теріп, Bluetooth и другие
параметры устройства
(Bluetooth және құрылғының басқа параметрлері) тармағын таңдаңыз.
2. Егер ол әлі қосылмаған болса, Bluetooth мүмкіндігін қосыңыз.
3. Құрылғыңызды тізімнен таңдаңыз, одан кейін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Құптау қажет болса, жұптастыру коды көрсетіледі. Жұптастыру коды мен
құрылғыңыздың кодының сәйкес болуын тексеру үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Қосымша
ақпарат алу үшін, құрылғымен бірге берілген құжаттарды қараңыз.
Сымсыз желіге қосылу 15










