User's Guide

4 Көңіл көтеру мүмкіндіктерін пайдалану
Веб-камера арқылы байланысу, музыканы тыңдау және басқару, бейнефильмдерді жүктеу және көру
амалдарын орындау үшін HP компьютерін көңіл көтеру орталығы ретінде пайдаланыңыз.
Компьютеріңізді бұдан да қуатты көңіл көтеру орталығына айналдыру үшін, монитор, проектор,
теледидар немесе үндеткіштер мен құлақаспаптар сияқты жоғары ажыратымдылықты сыртқы
құрылғыларды жалғаңыз
.
Дыбысты пайдалану
Музыка жүктеуге және тыңдауға, вебтегі аудио мазмұнды (соның ішінде радионы) тыңдауға, дыбыс
жазуға немесе мультимедиа файлын жасау үшін дыбыс пен бейнені біріктіруге болады. Сондай-ақ,
компьютерде (таңдаулы үлгілерде) музыкалық ықшам дискілерді ойнатуға немесе ықшам дискілер
ойнату үшін сыртқы оптикалық дискті тіркеуге болады. Тыңдау әсерін жақсарту үшін, үндеткіштер
немесе құлақаспаптар сияқты сыртқы дыбыс құрылғыларын жалғаңыз.
Спикерлерді қосу
Сымды үндеткіштерді компьютердегі немесе USB портына немесе компьютердегі не қондыру
тұғырындағы аудио шығыс (құлақаспап)/аудио кіріс (микрофон) біріктірілген ұясына жалғау арқылы
қосуға болады.
Сымсыз үндеткіштерді компьютерге қосу үшін, құрылғы өндірушісінің нұсқауларын орындаңыз.
Үндеткіштерді жалғамас бұрын дыбыс қаттылығын төмендетіңіз.
Дыбысты пайдалану 17