User's Guide

Сандық үндеткіштерді қосу
Сандық үндеткіштерді компьютердегі оптикалық шығыс қосқышына жалғап пайдалануыңызға
болады.
ЕСКЕРТПЕ: Сандық үндеткіштерді компьютерге жалғау үшін бөлек сатылатын оптикалық кабель
қажет болады.
1. Оптикалық кабельдің бір ұшын компьютердегі оптикалық шығыс қосқышына жалғаңыз.
2. Кабельдің екінші ұшын сандық үндеткіштерге жалғаңыз.
Сандық үндеткіштерді пайдалану туралы толық ақпарат алу үшін құрылғы өндірушісінің нұсқауларын
қараңыз.
Құлаққаптарды қосу
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспаптар
немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс қаттылығын төмендетіңіз. Қауіпсіздік туралы қосымша
ақпарат алу үшін, Заңдық, қауіпсіздік және экологиялық ескертпелер нұсқаулығын қараңыз.
Бұл құжатты ашу үшін:
Бастау түймесін басып, Справка и поддержка НР (НР анықтамасы және қолдау), одан кейін
Документация НР (НР құжаттары) тармақтарын таңдаңыз.
Сымды құлақаспаптарды құлақаспап қосуға арналған ұяға немесе компьютердегі аудио шығыс
(құлақаспап)/аудио кіріс (микрофон) комбо ұясына қосуға болады.
Компьютерге сымсыз құлақаспаптарды жалғау үшін, құрылғы өндірушісінің нұсқауларын орындаңыз.
18 4-тарау Көңіл көтеру мүмкіндіктерін пайдалану