User's Guide

5 Қуат басқару
Бұл компьютер батарея қуатымен немесе сыртқы қуат көзіне қосу арқылы жұмыс істейді. Компьютер
батарея қуатымен жұмыс істеп, батареяны зарядтау үшін сыртқы қуат көзі қолжетімді болмаған кезде
батарея зарядын бақылаған және үнемдеу маңызды.
Осы тарауда сипатталған кейбір қуатты басқару мүмкіндіктері компьютеріңізде қолжетімді болмауы
мүмкін
.
Ұйқы немесе күту күйін пайдалану
ЕСКЕРТУ: Компьютер Ұйқы режимінде болғанда бірнеше осал тараптары бар. Компьютеріңіздегі
деректерді, сонымен қатар шифрланған деректерді рұқсатсыз пайдаланудың алдын алу үшін HP
компаниясы Ұйқы режимінің орнына Ұйқылық режимін пайдалануды ұсынады, сонда компьютер кез
келген уақытта физикалық ықпалыңыздан тыс болады. Бұл тәжірибе компьютеріңізді бірге алып
жүргенде өте маңызды.
ЕСКЕРТУ: Аудио және видео файлдарын ойнатудың мүмкін нашарлауы, аудио немесе бейне ойнату
жұмысының жоғалуы немесе ақпараттың жоғалу қаупін азайту үшін, дискіден не сыртқы медиа
картасынан оқу немесе оған жазу кезінде ұйқы күйін қоспаңыз.
Windows жүйесінің қуат үнемдейтін екі күйі бар: ұйқы және күту.
Ұйқылық режим – Ұйқылық режим әрекетсіз тұрғаннан кейін автоматты түрде қосылады.
Жұмысыңыз жадқа сақталып, жұмысыңызды әрі қарай жылдам жалғастыруға мүмкіндік береді.
Ұйқы күйіне қолмен қоюға да болады. Қосымша ақпаратты Ұйқы күйін қосу және одан шығу
(21-бет) бөлімінен қараңыз.
Күту күйі – күту күйі батарея өте төмен заряд деңгейіне жеткенде автоматты қосылады. Күту
күйінде жұмыс күту файлына сақталып, компьютер өшіріледі. Күту күйін қолмен де қосуға
болады. Қосымша ақпаратты Күту режимін іске қосу және шығу (тек таңдаулы өнімдерде)
(21-бет) бөлімінен қараңыз.
Ұйқы күйін қосу және одан шығу
Ұйқы күйін қосу үшін Пуск (Бастау) түймешігін басып, Питание (Қуат) белгішесін, содан кейін
Спящий режим (Ұйқылық күй) тармағын таңдаңыз.
Келесі жолдардың кез келгені арқылы ұйқы күйінен шығуға болады:
Қуат түймесін басыңыз.
Пернетақтадағы пернені басыңыз (тек таңдаулы өнімдерде).
Компьютер ұйқы режимінен шыққанда, жұмысыңыз экранға оралады.
ЕСКЕРТПЕ: Егер ұйқылық режимнен шыққан кезде құпия сөз сұралатын етіп орнатылған болса,
жұмысты жалғастыру үшін Windows құпия сөзіңізді енгізу қажет болады.
Күту режимін іске қосу және шығу (тек таңдаулы өнімдерде)
Пайдаланушы арқылы қосылатын күту күйін қосу және басқа қуат параметрлері мен күту үзілістерін
өзгерту үшін «Қуат параметрлері» пәрменін пайдаланыңыз.
Ұйқы немесе күту күйін пайдалану 21