User's Guide

1. Пуск (Бастау) түймесін тінтуірдің оң жағымен басып, Электропитание (Қуат опциялары) опциясын
таңдаңыз.
2. Связанные параметры (Қатысты параметрлер) бөліміндегі Дополнительные параметры
питания (Қосымша қуат параметрлері) опциясын таңдаңыз.
3. Сол жақ аумақта Қуат түймелерінің әрекетін таңдау (сөзі өнімге қарай әр түрлі болуы мүмкін)
пәрменін таңдаңыз.
4. Өнімге қарай батарея қуаты немесе сыртқы қуат үшін Күту режимін мына жолдардың біреуімен
қосуға болады:
Қуат түймесіҚуат пен ұйқы түймелері және қақпақ параметрлері астында (сөзі өнімге
қарай әр түрлі болуы мүмкін) Қуат түймесін басқан кезде параметрін, кейін Күту пәрменін
таңдаңыз.
Қуат мәзіріҚазір қол жеткізгісіз параметрлерді өзгерту пәрменін таңдап, Жұмысты
аяқтау параметрлері астындағы Күту құсбелгісін қойыңыз.
Қуат мәзіріне Бастау түймесін таңдау арқылы кіруге болады.
5. Сохранить изменения (Өзгертулерді сақтау) параметрін таңдаңыз.
Күту күйін іске қосу үшін 3-қадамда қосылған әдісті пайдаланыңыз.
Күту режимінен шығу үшін қуат түймесін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер күту күйінен шыққан кезде құпия сөз сұралатын етіп орнатылған болса, жұмысты
жалғастыру үшін Windows құпия сөзіңізді енгізу қажет болады.
Компьютерді өшіру (сөндіру)
ЕСКЕРТУ: Компьютер өшірілген кезде сақталмаған мәліметтер жойылады. Компьютерді өшірмес
бұрын жұмысыңыздың сақталғанына көз жеткізіңіз.
Жұмысты аяқтау пәрмені барлық ашық бағдарламаларды жабады, соның ішінде амалдық жүйені
және дисплей мен компьютерді өшіреді.
Компьютер пайдаланылмаған және сыртқы қуат көзінен ұзақ уақыт бойы ажыратылған кезде оның
жұмысын аяқтаңыз.
Ұсынылатын рәсім Windows жүйесінің жұмысты аяқтау пәрменін пайдалану болып табылады.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютер ұйқылық режимде немесе күту күйінде болғанда, қуат түймешігін басып қалу
арқылы ұйқылық режимнен немесе күту күйінен шығу қажет.
1. Жұмысыңызды сақтап, барлық ашық бағдарламаларды жабыңыз.
2. Пуск (Бастау) түймешігін басып, Питание (Қуат) белгішесін, содан кейін Завершение работы
ұмысты аяқтау) белгішесін таңдаңыз.
Компьютер жауап бермесе және жұмысты аяқтаудың алдыңғы процедураларын пайдалану мүмкін
болмаса, келесі төтенше жағдай процедураларын көрсетілген кезекпен орындап көріңіз:
ctrl+alt+delete пернелерін басыңыз, Питание (Қуат) белгішесін таңдаңыз, содан кейін Завершение
работыұмысты аяқтау) белгішесін таңдаңыз.
Қуат түймешігін кемінде 10 секунд басып тұрыңыз.
Компьютерді сыртқы қуат көзінен ажыратыңыз.
22 5-тарау Қуат басқару