User's Guide
9 HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) (HP ДК 
құралын диагностикалау) қызметін 
пайдалану
HP PC Hardware Diagnostics – бірыңғай кеңейтілетін ішкі бағдарламалық құрал интерфейсі (UEFI). Бұл 
құрал компьютердің аппараттық құралдарының дұрыс жұмыс істейтінін анықтау үшін 
диагностикалық сынақтарды жүргізуге мүмкіндік береді. Құрал амалдық жүйенің сыртында жұмыс 
істейді және амалдық жүйенің өзі немесе басқа бағдарламалық құралдар бөліктері туындауы мүмкін 
аппараттық құралдың ақаулықтарын бөлектейді.
HP PC Hardware Diagnostics UEFI арқылы аппараттық құралды ауыстыруды талап ететін ақаулық 
анықталған кезде ақаулықтың 24 таңбалы идентификациялық коды жасалады. Бұл 
идентификациялық код мәселені шешу әдісін анықтау үшін ұсынылатын болады.
HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) бағдарламасын бастау үшін келесі қадамдарды орындаңыз:
1. Компьютерді қосыңыз немесе өшіріп қайта бастаңыз және esc пернесін тез басып қалыңыз.
2. f2 пернесін басыңыз немесе түртіңіз.
BIOS бағдарламасы диагностикалық құралдарды үш орыннан төмендегі тәртіпте іздейді:
а. Қосылған USB диск жетегі
ЕСКЕРТПЕ: HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) құралын USB диск жетегіне жүктеу туралы 
ақпаратты HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) құралын USB құрылғысына жүктеу (34-бет) 
бөлімінен қараңыз.
ә. Қатты диск
б. BIOS
3. Диагностикалау құралы ашылғанда, орындалатын диагностикалық сынақтың түрін таңдаңыз 
және экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Сынақты тоқтату үшін UEFI ашуға қолданылатын түймені басыңыз.
HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) құралын USB 
құрылғысына жүктеу
ЕСКЕРТПЕ: HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) құралын жүктеп алу жөнінде нұсқаулар ағылшын 
тілінде ғана беріледі. Жүктеу және HP UEFI қолдау ортасын жасау үшін тек .exe пішіміндегі файлдар 
қолданылғандықтан Windows компьютерін пайдалану қажет.
HP PC Hardware Diagnostics бағдарламасын USB құрылғысына жүктеудің екі жолы бар.
34 9-тарау HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) (HP ДК құралын диагностикалау) қызметін пайдалану










