User's Guide
Ақпараттың сақтық көшірмесін жасау және қалпына
келтіру медиасын жасау
Windows құралдарын пайдалану
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Windows жүйесі жеке ақпараттың сақтық көшірмесін жасауға мүмкіндік беретін
бір-ақ опция болып табылады. Мәліметтердің жоғалуын болдырмау үшін жүйелі түрде сақтық
көшірмелер жасауды жоспарлаңыз.
Жеке ақпараттың сақтық көшірмесін жасау және жүйені қалпына келтіру нүктелерін немесе қалпына
келтіру медиасын жасау үшін Windows құралдарын пайдалануға болады.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютердің сақтау орны 32 ГБайт немесе одан төмен болса, Microsoft жүйесін қалпына
келтіру мүмкіндігі әдепкі бойынша ажыратылған болады.
Қосымша ақпаратты және нұсқауларды Техническая поддержка (Анықтама алу) бағдарламасында
қараңыз.
1. Пуск (Бастау) түймешігін басыңыз және Техническая поддержка (Анықтама алу) бағдарламасын
таңдаңыз.
2. Орындалатын тапсырманы таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Техническая поддержка (Анықтама алу) бағдарламасын ашу үшін Интернетке
қосылуыңыз қажет.
HP Cloud Recovery Download Tool құралын қалпына келтіру нұсқасын жасау
үшін (тек таңдаулы өнімдерде) пайдалану
HP қалпына келтіру медиа құралын жүктелетін USB флэш-жадында жасау үшін HP Cloud Recovery
Download Tool құралын пайдалануға болады.
Құралды жүктеп алу үшін
▲ Microsoft Store бетін ашып, HP Cloud Recovery (HP Бұлттық қалпына келтіру) бағдарламасын
іздеңіз.
Толық мәліметтер алу үшін http://www.hp.com/support бетін ашып, HP Cloud Recovery (HP Бұлттық
қалпына келтіру) бағдарламасын іздеңіз, одан кейін HP PCs – Using the Cloud Recovery Tool (Windows 10,
7) (HP компьютерлері – Бұлттық қалпына келтіру құралын (Windows 10, 7) пайдалану) опциясын
таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Өзіңіз қалпына келтіру медиасын жасай алмасаңыз, қалпына келтіру дискілерін алу үшін
қолдау қызметімен хабарласыңыз. http://www.hp.com/support мекенжайын ашып, ел немесе аймақты
таңдаңыз және экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
16 3-тарау Сақтық көшірме жасау, алдыңғы күйіне қайтару және қалпына келтіру