User's Guide
Алдыңғы күйге қайтару және қалпына келтіру
Windows құралдары көмегімен алдыңғы күйге қайтару, бастапқы қалпына
келтіру және қалпына келтіру
Windows жүйесі компьютерді алдыңғы күйіне қайтару, бастапқы қалпына келтіру және қалпына
келтіру үшін бірнеше опцияны ұсынады. Мәлімет алу үшін Windows құралдарын пайдалану (16-бет)
қараңыз.
HP Қалпына келтіру медиа құралынан қалпына келтіру
HP қалпына келтіру медиа құралын бастапқы операциялық жүйені және зауытта орнатылған
бағдарламаларды қалпына келтіру үшін пайдалануға болады. Таңдаулы өнімдерде HP Cloud Recovery
Download Tool құралын пайдаланып, оны жүктелетін USB флэш-жадында жасаңыз. Мәлімет алу үшін
HP Cloud Recovery Download Tool құралын қалпына келтіру нұсқасын жасау үшін (тек таңдаулы
өнімдерде) пайдалану (16-бет) бөлімін қараңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Өзіңіз қалпына келтіру медиасын жасай алмасаңыз, қалпына келтіру дискілерін алу үшін
қолдау қызметімен хабарласыңыз. http://www.hp.com/support мекенжайын ашып, ел немесе аймақты
таңдаңыз және экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Жүйені қалпына келтіру үшін
▲ HP Recovery медиа құралын салып, компьютерді өшіріп қайта бастаңыз.
Компьютердің жүктелу ретін өзгерту
HP Recovery медиа құралын салып, компьютер қайта басталмаса, компьютердің жүктелу ретін
өзгертіңіз. Бұл – BIOS бағдарламасында көрсетілген құрылғылардың тізімі. Компьютер осы ретпен
басталу мәліметтерін іздейді. HP Recovery медиа құралының орналасқан орнына байланысты
оптикалық дискіні немесе USB флэш-жадын таңдауға болады.
Жүктелу ретін өзгерту үшін
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Осы қадамдарды бастамас бұрын, ажыратылатын пернетақтасы бар планшетті
пернетақта қондырмасына жалғаңыз.
1. HP қалпына келтіру медиа құралын енгізіңіз.
2. Жүйенің Запуск (Іске қосу) мәзірін ашыңыз.
Пернетақталар тіркелген компьютерлер немесе планшеттерді пайдалану кезінде:
▲ Жүктеу опцияларын көрсету үшін, компьютер немесе планшетті қосыңыз немесе өшіріп
қайта бастаңыз да, esc пернесін тез басып қалып, f9 пернесін басыңыз.
Пернетақтасы жоқ планшеттерді пайдалану кезінде:
▲ Планшетті қосып немесе өшіріп қайта бастаңыз және дыбысты жоғарылату түймесін тез
басып ұстап тұрыңыз, одан кейін f9 пернесін басыңыз.
– немесе –
Алдыңғы күйге қайтару және қалпына келтіру 17