User's Guide

Планшетті қосып немесе өшіріп қайта бастаңыз және дыбысты азайту түймесін тез басып
ұстап тұрыңыз, одан кейін f9 пернесін басыңыз.
3. Жүктегіңіз келетін оптикалық дискіні немесе USB флэш-жады дискісін таңдаңыз, одан кейін
экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
HP Sure Recover бағдарламасын (тек таңдаулы өнімдерде) пайдалану
Кейбір компьютер үлгілері HP Sure Recover құралымен жабдықталады. Компьютердің операциялық
жүйесін қалпына келтіруге арналған бұл шешім аппараттық құрал мен микробағдарламаға
кірістіріледі. Қалпына келтіру бағдарламалық құралынсыз тек қана HP Sure Recover арқылы HP
операциялық жүйесінің кескінін толығымен қалпына келтіруге болады.
HP Sure Recover құралын пайдалану арқылы әкімші немесе пайдаланушы жүйені қалпына келтіріп,
келесілерді орната алады:
операциялық жүйенің ең соңғы нұсқасы;
платформаға тән құрылғы драйверлері;
бағдарламалық құрал қолданбалары (пайдаланушылық кескін орнатылған болса).
HP Sure Recover жайлы жаңартылған құжаттарды ашу үшін http://www.hp.com/support веб-бетіне
өтіңіз. Найдите свое устройство (Құрылғыңызды табыңыз) қойыншасын таңдаңыз, одан кейін
экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
18 3-тарау Сақтық көшірме жасау, алдыңғы күйіне қайтару және қалпына келтіру