User's Guide
ЕСКЕРТПЕ: HP PC Hardware Diagnostics UEFI құралын USB флэш-жады дискісіне жүктеу
туралы ақпаратты HP PC Hardware Diagnostics UEFI құралының ең соңғы нұсқасын жүктеп
алу (22-бет) бөлімінен қараңыз.
ә. Қатты диск
б. BIOS
3. Диагностикалау құралы ашылғанда, тілді, одан кейін орындалатын диагностикалық сынақтың
түрін таңдаңыз және экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
HP PC Hardware Diagnostics UEFI құралын USB флэш-жады дискісіне жүктеу
USB флэш-жады дискісіне жүктелген HP PC Hardware Diagnostics UEFI құралы келесі жағдайларда
пайдалы болады:
● HP PC Hardware Diagnostics UEFI алдын-ала орнатылған кескінде жоқ.
● HP PC Hardware Diagnostics UEFI HP Tool бөлімінде қамтылмаған кезде.
● Қатты диск зақымдалған кезде.
ЕСКЕРТПЕ: HP PC Hardware Diagnostics UEFI құралын жүктеп алу жөнінде нұсқаулар ағылшын тілінде
ғана беріледі. Жүктеу және HP UEFI қолдау ортасын жасау үшін тек .exe пішіміндегі файлдар
қолданылғандықтан, Windows компьютерін пайдалану қажет.
HP PC Hardware Diagnostics UEFI құралының ең соңғы нұсқасын жүктеп алу
HP PC Hardware Diagnostics UEFI құралының ең соңғы нұсқасын USB флэш-жады дискісіне жүктеу үшін:
1. http://www.hp.com/go/techcenter/pcdiags веб-сайтына өтіңіз. HP PC Diagnostics қызметінің басты
беті көрсетіледі.
2. Загрузить HP Diagnostics UEFI (HP Diagnostics UEFI жүктеу) опциясын және содан кейін
Выполнить (Орындау) пәрменін таңдаңыз.
HP PC Hardware Diagnostics UEFI құралын өнімнің атауы немесе нөмірі бойынша (тек
таңдаулы өнімдерде) жүктеп алу
ЕСКЕРТПЕ: Кейбір өнімдер үшін бағдарламалық құралды USB флэш-жадына өнімнің атауы немесе
нөмірі бойынша жүктеу қажет.
HP PC Hardware Diagnostics UEFI құралын USB флэш-жадына өнімнің атауы немесе нөмірі бойынша (тек
таңдаулы өнімдерде) жүктеу үшін:
1. http://www.hp.com/support веб-сайтына өтіңіз.
2. Өнімнің атауы немесе нөмірін енгізіп, компьютер үлгісін, одан кейін операциялық жүйенің түрін
таңдаңыз.
3. Компьютерге қажетті UEFI Diagnostics нұсқасын таңдау және жүктеп алу үшін, Диагностика
бөлімінде берілген экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
22 4-тарау HP PC Hardware Diagnostics пайдалану