User's Guide

Remote HP PC Hardware Diagnostics UEFI параметрлерін (тек
таңдаулы өнімдерде) пайдалану
Remote HP PC Hardware Diagnostics UEFI – компьютерге HP PC Hardware Diagnostics UEFI құралын жүктеп
алатын шағын бағдарламаның (BIOS) мүмкіндігі. Ол компьютерде диагностиканы орындап,
нәтижелерін алдын ала теңшелген серверге жүктеп салады. Remote HP PC Hardware Diagnostics UEFI
туралы қосымша ақпарат алу үшін http://www.hp.com/go/techcenter/pcdiags веб-сайтына өтіп,
Дополнительные сведенияолығырақ ақпарат) сілтемесін басыңыз.
HP PC Hardware Diagnostics UEFI жүктеп алу
ЕСКЕРТПЕ: Сондай-ақ Remote HP PC Hardware Diagnostics UEFI құралы Softpaq файлы пішімінде
қолжетімді. Оны серверге жүктеуге болады.
Remote HP PC Hardware Diagnostics UEFI құралының ең соңғы нұсқасын жүктеп алу
Remote HP PC Hardware Diagnostics UEFI құралының ең соңғы нұсқасын жүктеп алу үшін келесі
қадамдарды орындаңыз:
1. http://www.hp.com/go/techcenter/pcdiags веб-сайтына өтіңіз. HP PC Diagnostics қызметінің басты
беті көрсетіледі.
2. Загрузить Remote Diagnostics (Қашықтан диагностикалау құралын жүктеу) опциясын таңдаңыз,
содан кейін Выполнить (Орындау) түймешігін басыңыз.
Remote HP PC Hardware Diagnostics UEFI құралын өнімнің атауы немесе нөмірі бойынша
жүктеп алу
ЕСКЕРТПЕ: Кейбір өнімдер үшін бағдарламалық құралды өнімнің атауы немесе нөмірі бойынша
жүктеу қажет.
Remote HP PC Hardware Diagnostics UEFI құралын өнімнің атауы немесе нөмірі бойынша жүктеп алу
үшін, келесі қадамдарды орындаңыз:
1. http://www.hp.com/support веб-сайтына өтіңіз.
2. Загрузка ПО и драйверовағдарламалық құрал және драйверлерді жүктеп алу) санатын
таңдап, құрылғының түрін таңдаңыз, одан кейін іздеу жолағында өнім атауын немесе нөмірін
теріңіз де, компьютер үлгісін және операциялық жүйені таңдаңыз.
3. Өнімге қажетті Remote UEFI (Қашықтан басқару UEFI) нұсқасын таңдау және жүктеп алу үшін,
Диагностика бөлімінде берілген экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Remote HP PC Hardware Diagnostics UEFI параметрлерін реттеу
Computer Setup (BIOS) ішіндегі Remote HP PC Hardware Diagnostics параметрі арқылы мына әрекеттерді
орындауға болады:
Диагностиканы қадағалаусыз орындау кестесін орнату. Сондай-ақ диагностиканы интерактивтік
режимде бірден бастау үшін Remote HP PC Hardware Diagnostics орындау опциясын таңдаңыз.
Диагностикалау құралдарын жүктеп алу орнын орнатыңыз. Бұл мүмкіндік HP веб-сайтындағы
немесе пайдалануға алдын ала теңшелген сервердегі құралдарға қатынасты береді. Компьютер
қашықтағы диагностиканы орындау үшін дәстүрлі жергілікті жад құрылғысын (мысалы,
жинақтағыш диск немесе USB флэш-жад құралы) талап етпейді.
Remote HP PC Hardware Diagnostics UEFI параметрлерін (тек таңдаулы өнімдерде) пайдалану 23