User's Guide
5 Компьютер жұмысы туралы нұсқаулық,
күнделікті қызмет көрсету және жіберу
дайындықтары
Компьютер жұмысы туралы нұсқаулық және күнделікті
қызмет көрсету
Компьютер және мониторды дұрыс орнату және күту үшін мына нұсқаулықтарды орындаңыз:
● Компьютерді шамадан тыс ылғалдан, күннің көзі тікелей түсетін және өте салқын немесе ыстық
жерден аулақ ұстаңыз.
● Компьютерді тұрақты, жазық жерде қолданыңыз. Қажетті ауа ағынын қамтамасыз ету үшін,
компьютердің барлық желдетілетін жақтарында және монитордың үстінде 10,2 cм (4 дюйм) бос
орын қалдырыңыз.
● Компьютердің желдеткішерін бөгеп, желдетуін азайтып тастамаңыз. Пернетақтаны құралға тым
жақын орналастырмаңыз, желдетуді тежеуі мүмкін.
● Алынбалы панелінің немесе басқа кеңейту карталарының жапқышын жаппай компьютерді
қолданбаңыз.
● Компьютерлерді бір-бірінің үстіне үймеңіз немесе бір-біріне жақын қоймаңыз, әйтпесе, олардың
қайта айналымдағы немесе қызып кететін ыстық ауасы бір-біріне әсер етеді.
● Компьютерді бөлек корпуста пайдалану үшін, корпуста ауа кірісі мен ауа шығысы қамтамасыз
етілуі керек, сонымен қатар алдыңғы жұмыс нұсқаулықтары қолданылады.
● Компьютер мен пернетақтадан сұйықты қашық ұстаңыз.
● Монитордың желдеткіш ұяшықтарын ешқандай материалмен жабуға болмайды.
● Жұмыс жүйесінің немесе басқа бағдарламаның қуат басқару функцияларын орнатыңыз немесе
іске қосыңыз, ұйқы күйін қоса.
● Келесі тапсырмаларды орындаудан бұрын, компьютерді өшіріңіз:
● Компьютердің сыртын жұмсақ, дымқыл шүберекпен сүртіп алыңыз. Тазалау құралдары
түсін кетіруі немесе беттік бояу қабатын зақымдауы мүмкін.
● Компьютердің жақтарындағы желдеткіш саңылауларын тазалап отырыңыз. Жүн, шаң, және
басқа бөтен заттар желдеткішті бөгеп, ауа жүрісін шектеуі мүмкін.
Компьютер жұмысы туралы нұсқаулық және күнделікті қызмет көрсету 25