Equipment reference manual

Жұмыс үстелінен мұнара конфигурациясына өзгерту
HP компаниясынан сатып алуға болатын қосымша мұнара тірегі бар мұнара бағдарында шағын
компьютерді пайдалануға болады.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютерді тігінен орнықтыру үшін, HP қосымша тік тұғыр қолдануға кеңес береді.
1. Компьютерді жылжытуға тиым салатын барлық қауіпсіздік құралдарын алып тастаңыз немесе
істен шығарыңыз.
2. Компьютерден барлық алынатын шағын диск немесе USB флэш драйвтерін алып тастаңыз.
3. Компьютерді операциялық жүйе арқылы дұрыс өшіріп, одан кейін барлық сыртқы
құрылғыларды өшіріңіз.
4. Қуат сымын розеткадан ажыратып, барлық сыртқы құрылғыларды ажыратыңыз.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Қуат күйіне қарамастан, жүйе белсенді розеткасына жалғанып тұрса,
жүйе тақтасында әрқашан ток болады. Ішкі бөлшектерін зақымдамау үшін, компьютерді ашарда
қуат сымын қуат көзінен ажыратыңыз.
5. Компьютердің оң жағын жоғары қаратып, компьютерді қосымша тұғырға орналастырыңыз.
6. Қуат сымын және сыртқы құралдарды қайта жалғап, компьютерді қосыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютердің әр жағынан кем дегенде 10,2 сантиметр (4 дюйм) кедергісіз бос орын
қалуын қадағалаңыз.
7. Компьютерді жылжытудан бұрын ажыратылған барлық қауіпсіздік құрылғыларын құлыптаңыз.
Жұмыс үстелінен мұнара конфигурациясына өзгерту 11