Equipment reference manual

8. Бекіту бұрандаларын диск ұясындағы ойықтармен туралаңыз. Дискіні диск ұясына түсіріп,
орнына бекіту үшін артқа сырғытыңыз.
9. Қуат кабелін (1) және деректер кабелін (2) қатты дискінің артына жалғаңыз.
10. Жаңа драйв орнатар болсаңыз, дерек кабелінің қарама-қарсы шетін сәйкес жүйе тақтасының
қосқышына жалғаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: 3,5 дюймдік қатты диск негізгі диск болса, деректер кабелінің екінші ұшын SATA0
таңбасымен белгіленген жүйелік тақтадағы күңгірт көк SATA қосқышына жалғаңыз. Ол қосымша
диск болса, деректер кабелінің екінші ұшын жүйелік тақтадағы ашық көк SATA қосқыштарының
біріне жалғаңыз.
30 2-тарау Құрылғы жаңартулары