Equipment reference manual
11. Компьютердің алынбалы панелін ауыстырыңыз.
12. Егер компьютер тұғырда тұрса, тұғырды ауыстырыңыз.
13. Қуат сымын және сыртқы құралдарды қайта жалғап, компьютерді қосыңыз.
14. Алынбалы панельді алу кезінде, өшірілген барлық қауіпсіздік құрылғыларын құлыптаңыз.
M.2 SSD жад картасын алу және орнату
ЕСКЕРТПЕ: Жүйе тақтасында екі M.2 SSD ұяшығы бар. Компьютер 2230 және 2280 M.2 SSD
карталарын қолдайды.
1. Компьютерді ашуға тиым салатын барлық қауіпсіздік құралдарын алып тастаңыз немесе істен
шығарыңыз.
2. Компьютерден барлық алынатын шағын диск немесе USB флэш драйвтерін алып тастаңыз.
3. Компьютерді операциялық жүйе арқылы дұрыс өшіріп, одан кейін барлық сыртқы
құрылғыларды өшіріңіз.
4. Қуат сымын розеткадан ажыратып, барлық сыртқы құрылғыларды ажыратыңыз.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Қуат күйіне қарамастан, жүйе белсенді розеткасына жалғанып тұрса,
жүйе тақтасында әрқашан ток болады. Ішкі бөлшектерін зақымдамау үшін, компьютерді ашарда
қуат сымын қуат көзінен ажыратыңыз.
5. Егер компьютер тұғырда тұрса, компьютерді тұғырдан шешіп алыңыз.
6. Компьютердің алынбалы панелін алыңыз.
7. Алдыңғы жапқышты алыңыз.
8. Қатты диск ұясындағы барлық дискілердің артынан қуат және деректер кабельдерін
ажыратыңыз.
9. Диск ұясының жанындағы босату тетігін басыңыз (1) және диск ұясының осы жағын жоғары
көтеріңіз (2). Одан кейін диск ұясын (3) шассиден сырғытып шығарыңыз.
Дискілерді орнату және алу 31










