User's Guide

1 Алғашқы жұмыс
Компьютерді орнатқан және тіркеген соң, зерделі қаржыландырудың ең көбін алу үшін келесі
қадамдарды орындауды ұсынамыз:
КЕҢЕС: Ашық тұрған бағдарламадан немесе Windows жұмыс үстелінен компьютердің бастау
экранына жылдам оралу үшін пернетақтадағы Windows пернесін басыңыз. Windows пернесін
қайта басып, алдыңғы экранға ораласыз.
Интернетке қосылу — Интернетке қосылу үшін, сымды және сымсыз желіні реттеңіз. Қосымша
ақпаратты Желі қосылымдары (21-бет) бөлімінен қараңыз.
Вирусқа қарсы бағдарламалық құралды жаңарту — вирустардан болатын зақымнан
компьютерді қорғаңыз. Бағдарламалық құрал компьютерде алдын ала орнатылып келеді.
Қосымша ақпаратты Вирусқа қарсы бағдарламалық құралды пайдалану (58-бет) бөлімінен
қараңыз.
Компьютермен танысу — компьютер мүмкіндіктері туралы қосымша мәлімет алыңыз. Қосымша
ақпарат алу үшін, Бөліктер (4-бет) және Экранда шарлау (28-бет) бөлімдерін қараңыз.
Орнатылған бағдарламалық құралды табу — компьютерде алдын ала орнатылған
бағдарламалық құралдар тізімін қараңыз:
Пуск (Бастау) түймесін басыңыз.
– немесе –
Пуск (Бастау) түймесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, содан кейін Приложения и
возможности (Бағдарламалар мен мүмкіндіктер) опциясын таңдаңыз.
Қатты дискінің сақтық көшірмесін жасау – қалпына келтіру дискілерін немесе қалпына келтіру
USB флэш-дискісін жасау арқылы қатты дискінің сақтық көшірмесін жасаңыз. Сақтық көшірме
жасау, алдыңғы күйіне қайтару және қалпына келтіру (65-бет) бөлімін қараңыз.
1