User's Guide

Кесте 2-6 Түймелер, үндеткіштер, саусақ ізін оқу құрылғысы және олардың сипаттамалары (жалғасы)
Бөлік Сипаттама
Компьютер қосулы болғанда, ұйқы күйін қосу үшін
түймешікті тез басып қалыңыз.
Компьютер ұйқы күйінде болғанда, ұйқы күйінен (тек
таңдаулы өнімдерде) шығу үшін түймешікті тез басып
қалыңыз.
Компьютер күту күйінде болған кезде, күту күйінен
шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз.
ЕСКЕРТУ: Қуат түймешігін басып тұрғанда сақталмаған
ақпараттар жойылады.
Компьютер жауап беруді тоқтатса және Windows жүйесінің
өшіру процедуралары көмектеспесе, компьютерді өшіру
үшін қуат түймешігін кем дегенде 5 секунд басып ұстап
тұрыңыз.
Қуат параметрлері туралы ақпаратты қуат опцияларынан
қараңыз.
Индикатор питания (Қуат көрсеткіші) белгішесін
тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Электропитание
(Қуат параметрлері) тармағын таңдаңыз.
(2) Желдеткіш тесіктері (2) Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қамтамасыз
етеді.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді
салқындату үшін және қызып кетуден қорғау үшін автоматты
түрде қосылады. Жұмыс барысында желдеткіштің біресе
қосылып, біресе өшіп отыруы – қалыпты жағдай.
(3) Үндеткіштер (2) Дыбыс шығарады.
(4) Саусақ ізін оқу құрылғысы (тек таңдаулы
өнімдерде)
Құпия сөзді енгізбестен, саусақ ізін пайдаланып, Windows
амалдық жүйесіне кіруге мүмкіндік береді.
Саусақ ізін оқу құрылғысында төмен қарай сырғытыңыз.
Толық ақпаратты Windows Hello (тек таңдаулы
өнімдерде) (57-бет) бөлімінен қараңыз.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Саусақ ізі көмегімен кіру кезінде
орын алуы мүмкін мәселелердің алдын алу үшін
саусағыңыздың ізін тіркегенде, саусақ ізін оқу
құрылғысы саусағыңызды барлық жағынан тіркегеніне
көз жеткізіңіз.
12 2-тарау Бөліктер