User's Guide

Кесте 2-8 Әрекет пернелері және олардың сипаттамалары (жалғасы)
Белгіше Сипаттама
Ықшам дискіні, DVD немесе BD дискісін ойнатуды бастайды, уақытша тоқтатады немесе ойнатуды
жалғастырады.
Аудио ықшам дискідегі келесі жолды, ал DVD немесе BD дискілерінде келесі бөлімді ойнатады.
Ықшам дискінің, DVD немесе BD дискісінің дыбыс немесе бейне ойнатуын тоқтатады.
Пернені басып тұрса, үндеткіштегі дыбыс деңгейі біртіндеп азаяды.
Пернені басып тұрса, үндеткіштегі дыбыс деңгейі біртіндеп артады.
Микрофонды үнсіздендіреді.
Үндеткіш дыбысын өшіреді немесе қайта қосады.
Сымсыз байланыс мүмкіндігін қосады немесе ажыратады.
ЕСКЕРТПЕ: Сымсыз байланысты орнату үшін сымсыз желі де орнатылуы қажет.
Сенсорлы тақтаны және сенсорлы тақта шамын қосады және өшіреді.
Жүйеге қосылған дисплейлердің арасында экран кескінін ауыстырып көрсетеді. Мысалы, егер
монитор компьютерге жалғанған болса, пернені қайта-қайта басу компьютер мен мониторда бір
уақытта көрсету үшін экран кескінін компьютер дисплейінен монитор дисплейіне ауыстырады.
Ұйқылық күйді қосады, бұл ақпаратыңызды жүйелік жадқа сақтайды. Дисплей және жүйенің басқа
бөліктері өшеді, ал қуат қосулы қалады. Ұйқылық күйден шығу үшін қуат түймешігін басып қалыңыз.
ЕСКЕРТУ: Ақпаратты жоғалтпау үшін, ұйқылық күйді қоспас бұрын, жұмысты сақтаңыз.
Бизнеске арналған Skype бағдарламасының күнтізбесін жылдам ашуға мүмкіндік береді.
ЕСКЕРТПЕ: Бұл мүмкіндікті пайдалану үшін бизнеске арналған Skype® бағдарламасы немесе Lync®
2013 клиенті Microsoft Exchange немесе Oice 365® серверлерінде орнатылған болуы тиіс.
Экранды бөлісу мүмкіндігін қосады немесе өшіреді.
ЕСКЕРТПЕ: Бұл мүмкіндікті пайдалану үшін бизнеске арналған Skype бағдарламасы немесе Lync 2013
клиенті Microsoft Exchange немесе Oice 365 серверлерінде орнатылған болуы тиіс.
Қоңырауға жауап беруге мүмкіндік береді.
Бірге бір чат кезінде қоңырауды іске қосады.
Қоңырауды ұстап тұру күйіне қояды.
ЕСКЕРТПЕ: Бұл мүмкіндікті пайдалану үшін бизнеске арналған Skype бағдарламасы немесе Lync 2013
клиенті Microsoft Exchange немесе Oice 365 серверлерінде орнатылған болуы тиіс.
Қоңырауды аяқтайды.
Кіріс қоңырауды қабылдамайды.
Пернетақта аумағы 15