User's Guide
Кесте 2-12 Қызмет көрсету жапсырмасының бөлшектері (жалғасы)
Бөлік
(4) Сериялық нөмір
(5) Кепілдік күшінің мерзімі
Кесте 2-13 Қызмет көрсету жапсырмасының бөлшектері
Бөлік
(1) HP өнімінің атауы
(2) Өнім коды
(3) Сериялық нөмір
(4) Кепілдік күшінің мерзімі
● Нормативтік ақпараты бар жапсырмалар: компьютер туралы заңдық ақпаратты береді.
● Сымсыз куәландыру белгілері: қосымша сымсыз құрылғылар туралы ақпаратты және осы
құрылғылардың қолданылуы мақұлданған елдер немесе аймақтардың мақұлдау таңбаларын
қамтамасыз етеді.
SIM картасын енгізу (тек таңдаулы өнімдерде)
ЕСКЕРТУ: Өлшемі дұрыс емес SIM картасын енгізу SIM картасын зақымдауы немесе SIM картасының
ұядан тұрып қалуына әкелуі мүмкін. SIM картасының адаптерлерін пайдаланбаған жөн. SIM
картасының немесе қосқыштарының зақымын болдырмау үшін SIM картасын енгізу немесе алып
тастау кезінде қатты күш салмаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: SIM картасын сатып алмас бұрын, компьютерге жарамды SIM картасының өлшемін
анықтау үшін осы нұсқауларды орындаңыз:
1. http://www.hp.com/support веб-бетіне өтіп, компьютерді өнім атауы немесе нөмірі бойынша
іздеңіз.
2. Өнім туралы ақпарат опциясын таңдаңыз.
3. Қажетті картаны сатып алу кезінде тізімде көрсетілген түрлерін қараңыз.
SIM картасын салу үшін төмендегі әрекеттерді орындаңыз:
1. Компьютерді Завершение работы (Жұмысты аяқтау) пәрмені арқылы өшіріңіз.
SIM картасын енгізу (тек таңдаулы өнімдерде) 19










