User's Guide

GPS пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде)
Компьютерде GPS (Ғаламдық орынды анықтау жүйесі) құрылғысы орнатылуы мүмкін. GPS спутниктері
орналасу, жылдамдық және бағдарлар туралы ақпаратты GPS стандартымен жабдықталған
жүйелерге жібереді.
GPS мүмкіндігін қосу үшін орналасқан орынның Windows жүйесінің құпиялылық параметрлері астынан
қосылғанына көз жеткізіңіз.
1. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында местоположение (орналасқан орны) деп теріп,
Параметры конфиденциальности сведений о местонахождении (Орынның құпиялылық
параметрлері) опциясын таңдаңыз.
2. Орынның параметрлерін пайдалану үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Bluetooth сымсыз құрылғыларын пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде)
Bluetooth құрылғысы әдетте мына электрондық құрылғыларды байланыстыратын физикалық кабель
қосылымдарын ауыстыратын қысқа ауқымды сымсыз байланыстарды қамтамасыз етеді.
Компьютерлер (жұмыс үстелі, ноутбук)
Телефондар (ұялы, сымсыз, смартфон)
Сурет түсіретін құрылғылар (принтер, камера)
Дыбыстық құрылғылар (гарнитура, үндеткіштер)
Тінтуір
Сыртқы пернетақта
Bluetooth құрылғыларын қосу
Bluetooth құрылғысын пайдаланбас бұрын Bluetooth қосылысын орнату қажет.
1. Тапсырмалар тақтасының іздеу терезесінде bluetooth сөзін теріп, Параметры Bluetooth и
других устройств (Bluetooth және құрылғының басқа параметрлері) тармағын таңдаңыз.
2. Егер ол әлі қосылмаған болса, Bluetooth мүмкіндігін қосыңыз.
3. Добавление Bluetooth или другого устройства (Bluetooth немесе басқа құрылғыны қосу)
тармағын таңдаңыз, одан кейін Добавить устройство (Құрылғыны қосу) тілқатысу терезесінде
Bluetooth опциясын таңдаңыз.
4. Құрылғыңызды тізімнен таңдаңыз, одан кейін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Құптау қажет болса, жұптастыру коды көрсетіледі. Жұптастыру коды мен
құрылғыңыздың кодының сәйкес болуын тексеру үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Қосымша
ақпарат алу үшін, құрылғымен бірге берілген құжаттарды қараңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Құрылғыңыз тізімде болмаса, сол құрылғыдағы Bluetooth мүмкіндігінің қосулы екенін
тексеріңіз. Кейбір құрылғылардың қосымша талаптары болуы мүмкін. Құрылғымен бірге берілген
құжаттарды қараңыз.
NFC мүмкіндігін ақпаратты бөлісу үшін пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде)
Компьютеріңіз NFC қолдауы бар екі құрылғы арасында ақпаратты сымсыз ортақ пайдалану мүмкіндігін
беретін NFC технологиясына қолдау көрсетеді. Ақпарат телефон немесе құрылғының антеннасын
компьютердің түрту аймағымен (антеннамен) түрту арқылы тасымалданады. NFC және қолдау
көрсетілетін бағдарламалар арқылы веб-тораптарды ортақ пайдалануға, контактілер ақпаратын
24 3-тарау Желі қосылымдары