User's Guide

тасымалдауға, төлемдерді аударуға және NFC функциясы қосылған принтерлерде басып шығаруға
болады.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютердегі түрту аймағын табу үшін Бөліктер (4-бет) бөлмесін қараңыз.
Ортақ пайдалану
1. NFC функциясының іске қосылғанына көз жеткізіңіз.
а. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында беспроводное (сымсыз) деп теріп, Включение
и отключение беспроводных устройств
(Сымсыз құрылғыларды қосу немесе өшіру)
опциясын таңдаңыз.
ә. NFC мүмкіндігінің Вкл (Қосулы) параметрінің таңдалғанына көз жеткізіңіз.
2. NFC түрту аймағын NFC функциясы қосылған құрылғымен түртіңіз. Құрылғылар қосылған кезде
дыбыс естілуі мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: Басқа NFC құрылғысындағы антенна орнын табу үшін құрылғы нұсқауларын
қараңыз.
3. Экрандағы кез келген нұсқауларды орындап әрекетті жалғастырыңыз.
Сымды желіге қосылу
Таңдаулы өнімдерде сымды байланыс қосылымдары жұмыс істеуі мүмкін: жергілікті желі (LAN) және
модем арқылы қосу. LAN байланысы желі кабелін пайдаланады және телефон кабелін пайдаланатын
модемнен жылдамдығы жоғарырақ. Кабельдің екі түрі де бөлек сатылады.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Электр тогының соғуы, өрт шығуы немесе жабдыққа зиян келтіру қатерінен аулақ
болу үшін, модем кабелін немесе телефон кабелін RJ-45 (желі) ұясына жалғамаңыз.
Жергілікті желіге (LAN) қосылу (тек таңдаулы өнімдерде)
Компьютерді тікелей үйдегі жол жоспарлағышқа (сымсыз жұмыс істеудің орнына) немесе офистегі
бұрыннан бар желіге қосу керек болса, LAN байланысын пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютерде HP LAN-Wireless Protection деп аталатын мүмкіндік қосулы болуы мүмкін.
Құрылғы LAN желісіне тура қосылған кезде, сымсыз (Wi-Fi) байланыс немесе WWAN өшіріледі. HP LAN-
Wireless Protection мүмкіндігі туралы қосымша ақпаратты HP LAN-Wireless Protection мүмкіндігін (тек
таңдаулы өнімдерде) пайдалану (26-бет) бөлімінен қараңыз.
Компьютердегі RJ-45 порты жоқ болса, LAN желісіне қосылу үшін 8 істікшелі RJ-45 желілік кабелі,
қосымша қондыру құрылғысы немесе кеңейту құралы қажет етіледі.
Желі кабелін қосу үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз:
1. Желі кабелін компьютер, қосымша қондыру құрылғысы немесе кеңейту құралындағы желі
ұясына (1) жалғаңыз.
Сымды желіге қосылу 25