User's Guide
USB Type-C кабелі арқылы DisplayPort құрылғысын жалғау (тек таңдаулы
өнімдерде)
ЕСКЕРТПЕ: USB Type-C DisplayPort құрылғысын компьютерге жалғау үшін бөлек сатылатын USB Type-
C кабелі қажет болады.
Бейне немесе ажыратымдылығы жоғары дисплей шығысын сыртқы DisplayPort құрылғысынан қарау
үшін DisplayPort құрылғысын мына нұсқауларға сәйкес жалғаңыз:
1. USB Type-C кабелінің бір ұшын компьютердегі USB SuperSpeed портына және DisplayPort
қосқышына жалғаңыз.
2. Кабельдің екінші ұшын сыртқы DisplayPort құрылғысына жалғаңыз.
3. Төрт дисплей күйі арасында ауыстыру үшін, f1 түймесін басыңыз:
● ДК экраны ғана: экрандағы кескінді тек компьютерден көру.
● Қайталау: экрандағы кескінді бір уақытта компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен де
көру.
● Кеңейту: экрандағы кескінді компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен көру.
● Екінші экран ғана: экрандағы кескінді тек сыртқы құрылғыдан көру.
f1 пернесі басылған сайын, көрсету күйі өзгереді.
ЕСКЕРТПЕ: Жақсы нәтиже үшін, егер «Расширить» (Кеңейту) опциясы таңдалған болса, сыртқы
құрылғының экран ажыратымдылығын мына жолмен реттеңіз. Пуск (Бастау) түймесін басып,
Параметры (Параметрлер), одан кейін Система (Жүйе) тармақтарын таңдаңыз. Дисплей астынан
қажетті ажыратымдылық мәнін таңдаңыз, одан кейін Сохранить изменения (Өзгертулерді
сақтау) опциясын таңдаңыз.
Бейнені пайдалану 35










