User's Guide

Бірнеше дисплей құрылғысын орнату үшін осы қадамдарды орындаңыз:
1. DP–DP кабелімен (бөлек сатып алынады) сыртқы хабты (бөлек сатып алынады) компьютердегі
DisplayPort ұясына қосыңыз. Концентратордың қуат адаптері айнымалы ток қуатына
қосылғанына көз жеткізіңіз.
2. Сыртқы дисплей құрылғыларын хабтағы VGA портына немесе DisplayPort қосқыштарына
жалғаңыз.
3. Windows монитордың DisplayPort желі торабына қосылғанын анықтағанда, Уведомление о
топологии DisplayPort (DisplayPort топологиясы туралы хабарландыру) тілқатысу терезесі
көрсетіледі. Дисплей параметрлерін реттеу үшін қажетті опцияларын таңдаңыз. Бірнеше дисплей
нұсқалары барлық қосылған дисплей құрылғыларындағы экран кескінін кеңейтетін
Дублировать (Қайталау) немесе компьютер экранын барлық қосылған дисплей құрылғыларына
жаятын Расширитьеңейту) мәндерін қамтиды.
ЕСКЕРТПЕ: Тілқатысу терезесі пайда болмаса, әрбір сыртқы дисплей құрылғысының хабтағы
дұрыс портқа жалғанғанын тексеріңіз. Пуск (Бастау) түймесін басып, Параметры (Параметрлер),
одан кейін Системаүйе) тармақтарын таңдаңыз. Дисплей астынан қажетті ажыратымдылық
мәнін таңдаңыз, одан кейін Сохранить изменения (Өзгертулерді сақтау) опциясын таңдаңыз.
Intel графикасы (орнатылған хабты) бар компьютерлерге дисплейлерді қосу
Ішкі хаб және Intel графикалық басқарушы арқылы ең көп 3 дисплей құрылғысын келесі
конфигурациялармен қосуға болады:
Компьютерге қосылған екі 1920 × 1200 DisplayPort мониторы және қосымша қондыру
станциясына қосылған бір 1920 × 1200 VGA мониторы
Компьютерге қосылған бір 2560 × 1600 DisplayPort мониторы және қосымша қондыру
станциясына қосылған бір 1920 × 1200 VGA мониторы
Бірнеше дисплей құрылғысын орнату үшін осы қадамдарды орындаңыз:
1. Сыртқы дисплей құрылғыларын VGA портына немесе компьютер негізіндегі немесе қондыру
станциясындағы DisplayPort ұяларына жалғаңыз.
2. Windows монитордың DisplayPort желі торабына қосылғанын анықтағанда, Уведомление о
топологии DisplayPort (DisplayPort топологиясы туралы хабарландыру) тілқатысу терезесі
көрсетіледі. Дисплей параметрлерін реттеу үшін қажетті опцияларын таңдаңыз. Бірнеше дисплей
нұсқалары барлық қосылған дисплей құрылғыларындағы экран кескінін кеңейтетін
Дублировать (Қайталау) немесе компьютер экранын барлық қосылған дисплей құрылғыларына
жаятын Расширитьеңейту) мәндерін қамтиды.
ЕСКЕРТПЕ: Тілқатысу терезесі пайда болмаса, әрбір сыртқы дисплей құрылғысының хабтағы
дұрыс портқа жалғанғанын тексеріңіз. Пуск (Бастау) түймесін басып, Параметры (Параметрлер),
одан кейін Системаүйе) тармақтарын таңдаңыз. Дисплей астынан қажетті ажыратымдылық
мәнін таңдаңыз, одан кейін Сохранить изменения (Өзгертулерді сақтау) опциясын таңдаңыз.
Miracast-үйлесімді сымсыз дисплейлерді табу және оларға қосылу (тек
таңдаулы өнімдерде)
ЕСКЕРТПЕ: Пайдаланылатын дисплей түрін (Miracast технологиясымен үйлесімді немесе Intel WiDi)
анықтау үшін, теледидармен немесе қосымша дисплеймен бірге берілетін құжаттарды қараңыз.
Ағымдағы ашық тұрған бағдарламаларды жаппай, Miracast-үйлесімді сымсыз дисплейлерді табу және
оларға қосылу үшін, мына қадамдарды орындаңыз.
Бейнені пайдалану 39