User's Guide

Кесте 7-3 Компьютерді орнату бағдарламасының құпия сөздері және олардың функциялары (жалғасы)
Құпия сөз Қызмет
ЕСКЕРТПЕ: BIOS әкімші құпия сөзін жою мақсатымен
мүмкіндіктер қосылған болса, олар өшірілгенше құпия сөзді
жоюға болмауы мүмкін.
Қосылғанда сұралатын құпия сөз Оны компьютерді қосқан не қайта бастаған сайын енгізу
қажет.
Қосылғанда сұралатын құпия сөзді ұмытып қалсаңыз,
компьютерді қосу немесе қайта қосу мүмкін болмайды.
DriveLock басты құпия сөзі* DriveLock арқылы қорғалатын ішкі қатты дискіге кіруді
қорғайды және бұл құпия сөз DriveLock құпия сөздерін іске
қосу кезінде орнатылады. Сонымен қатар, бұл құпия сөз
DriveLock қорғанысын алуға қолданылады.
DriveLock пайдаланушы құпия сөзі* DriveLock арқылы қорғалатын ішкі қатты дискіге кіруді
қорғайды және бұл құпия сөз DriveLock құпия сөздерін іске
қосу кезінде орнатылады.
*Осы құпия сөздердің әрбірі туралы толық ақпаратты келесі бөлімдерден қараңыз.
BIOS әкімші құпия сөзін басқару
Осы құпия сөзді орнату, өзгерту немесе жою үшін төменде берілген қадамдарды орындаңыз:
Жаңа BIOS әкімші құпия сөзін орнату
1. Computer Setup (Компьютерді орнату) утилитасын бастаңыз.
Пернетақтасы бар компьютерлер немесе планшеттерді пайдалану кезінде:
Computer Setup утилитасын ашу үшін компьютерді қосыңыз немесе өшіріп, қайта іске
қосыңыз және HP логотипі экранға шыққанда, f10 пернесін басыңыз.
Пернетақтасы жоқ планшеттерді пайдалану кезінде:
Планшетті өшіріңіз. Бастау мәзірі экранға шыққанша, қуат түймесін дыбыс деңгейін
азайту түймешігімен бірге басыңыз, одан кейін Computer Setup утилитасын ашу үшін f10
пернесін басыңыз.
2. Безопасность (Қауіпсіздік) опциясын, Создать пароль администратора BIOS (BIOS әкімшісінің
құпия сөзін жасау) немесе Настроить пароль администратора BIOS (BIOS әкімшісінің құпия сөзін
орнату, тек таңдаулы өнімдерде) пәрменін таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
3. Сұралғанда, құпия сөзді теріңіз.
4. Сұралғанда, растау үшін жаңа құпия сөзді қайта теріңіз.
5. Енгізілген өзгерістерді сақтап, Computer Setup утилитасынан шығу үшін Главная (Негізгі),
Сохранить изменения и выйти (Өзгерістерді сақтап шығу) опциясын таңдаңыз, одан кейін Да (Иә)
түймешігін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Тармақтарды таңдау үшін көрсеткі пернелерін пайдаланып жатсаңыз, enter пернесін
басыңыз.
Өзгертулер компьютер қайта іске қосылған кезде күшіне енеді.
BIOS әкімші құпия сөзін өзгерту
1. Computer Setup (Компьютерді орнату) утилитасын бастаңыз.
50 7-тарау Қауіпсіздік