User's Guide
DriveLock басты құпия сөзін тағайындау
DriveLock құралының басты құпия сөзін орнату үшін мына қадамдарды орындаңыз:
1. Computer Setup (Компьютерді орнату) утилитасын бастаңыз.
● Пернетақтасы бар компьютерлер немесе планшеттерді пайдалану кезінде:
1. Компьютерді өшіріңіз.
2. Computer Setup утилитасын ашу үшін, қуат түймесін басыңыз және HP логотипі экранға
шыққанда f10 пернесін басыңыз.
● Пернетақтасы жоқ планшеттерді пайдалану кезінде:
1. Планшетті өшіріңіз.
2. Бастау мәзірі экранға шыққанша, қуат түймесін дыбыс деңгейін азайту түймешігімен
бірге басыңыз, одан кейін Computer Setup утилитасын ашу үшін f10 пернесін басыңыз.
2. Безопасность (Қауіпсіздік) опциясын таңдаңыз, Утилиты жесткого диска (Қатты диск
утилиталары) таңдауын жасаңыз, DriveLock / Автоматическая защита DriveLock (DriveLock/
Автоматты DriveLock) опциясын таңдап, enter пернесін басыңыз.
3. Қорғалатын қатты дискіні таңдаңыз және enter пернесін басыңыз.
4. Установить главный пароль DriveLock (DriveLock құралының басты құпия сөзін тағайындау)
опциясын таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
5. Ескерту хабарын мұқият оқып шығыңыз.
6. DriveLock басты құпия сөзін орнату үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Computer Setup утилитасынан шықпас бұрын DriveLock мүмкіндігін қосуға және
DriveLock пайдаланушы құпия сөзін орнатуға болады. Қосымша ақпаратты DriveLock мүмкіндігін
қосу және DriveLock пайдаланушы құпия сөзін орнату (55-бет) бөлімінен қараңыз.
7. Енгізілген өзгерістерді сақтап, Computer Setup утилитасынан шығу үшін Главная (Негізгі),
Сохранить изменения и выйти (Өзгерістерді сақтап шығу) опциясын таңдаңыз, одан кейін Да (Иә)
түймешігін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Тармақтарды таңдау үшін көрсеткі пернелерін пайдаланып жатсаңыз, enter пернесін
басыңыз.
DriveLock мүмкіндігін қосу және DriveLock пайдаланушы құпия сөзін орнату
DriveLock мүмкіндігін қосу және DriveLock пайдаланушы құпия сөзін орнату үшін, мына қадамдарды
орындаңыз:
1. Computer Setup (Компьютерді орнату) утилитасын бастаңыз.
● Пернетақтасы бар компьютерлер немесе планшеттерді пайдалану кезінде:
1. Компьютерді өшіріңіз.
2. Computer Setup утилитасын ашу үшін, қуат түймесін басыңыз және HP логотипі экранға
шыққанда f10 пернесін басыңыз.
● Пернетақтасы жоқ планшеттерді пайдалану кезінде:
Құпия сөздерді пайдалану 55










