User's Guide

DriveLock құпия сөзін енгізу
Қатты дискінің компьютерге енгізілгенін қадағалаңыз (қосымша оптикалық құралға немесе сыртқы
MultiBay құралына емес).
DriveLock құпия сөзін енгізу сұралған кезде, DriveLock пайдаланушылық немесе негізгі құпия сөзіңізді
(құпия сөзді орнатқанда бірдей басылған пернелерді пайдалану арқылы) теріңіз, одан кейін enter
пернесін басыңыз.
Құпия сөз енгізудің үш сәтсіз әрекетінен кейін компьютерді өшіріп қайта бастаңыз және әрекетті
қайталаңыз.
DriveLock құпия сөзін өзгерту
Computer Setup утилитасында DriveLock құпия сөзін өзгерту үшін төменде берілген қадамдарды
орындаңыз:
1. Компьютерді өшіріңіз.
2. Қуат түймешігін басыңыз.
3. DriveLock құпия сөзін сұралғанда, DriveLock құралының өзгертіліп жатқан ағымдағы
пайдаланушы құпия сөзін немесе басты құпия сөзін теріңіз, enter пернесін басыңыз және Computer
Setup утилитасын ашу үшін f10 пернесін басыңыз немесе түртіңіз.
4. Безопасность (Қауіпсіздік) опциясын, Утилиты жесткого диска (Қатты диск утилиталары)
опциясын, DriveLock / Автоматическая защита DriveLock (DriveLock/Автоматты DriveLock)
опциясын таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
5. Басқарылатын қатты дискіні таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
6. Өзгертілетін DriveLock құпия сөзін өзгертіңіз, одан кейін құпия сөздерді енгізуге арналған
экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Изменить главный пароль DriveLock (DriveLock құралының негізгі құпия сөзін
өзгерту) опциясы DriveLock негізгі құпия сөзі DriveLock құралының құпия сөзін 3-қадамда енгізу
сұралған кезде енгізілгенде ғана көрінеді.
7. Енгізілген өзгерістерді сақтап, Computer Setup утилитасынан шығу үшін Главная (Негізгі),
Сохранить изменения и выйти (Өзгерістерді сақтап шығу) опциясын таңдаңыз, одан кейін Да (Иә)
түймешігін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Тармақтарды таңдау үшін көрсеткі пернелерін пайдаланып жатсаңыз, enter пернесін
басыңыз.
Windows Hello (тек таңдаулы өнімдерде)
Саусақ ізін оқу құрылғысымен немесе қосымша инфрақызыл камерамен жабдықталған өнімдерде
Windows Hello мүмкіндігі көмегімен жүйеге саусақты сырғыту немесе камераға қарау арқылы кіруге
болады.
Windows Hello (тек таңдаулы өнімдерде) 57