User's Guide

Windows Hello орнату үшін
1. Пуск (Бастау) түймешігін басып, Параметры (Параметрлер) пәрменін және Учетные записи
(Есептік жазбалар) параметрін таңдаңыз, одан кейін Параметры входа (Кіру параметрлері)
пәрменін таңдаңыз.
2. Құпия сөзді қосу үшін Добавить (Қосу) пәрменін таңдаңыз.
3. Начало работы (Алғашқы жұмыс) опциясын таңдаңыз, одан кейін саусақ ізін немесе бетіңіздің
идентификациялық кодын тіркеу және PIN кодын орнату үшін экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Саусақ ізі көмегімен кіру кезінде орын алуы мүмкін мәселелердің алдын
алу үшін, саусағыңыздың ізін тіркегенде, саусақ ізін оқу құрылғысы саусағыңызды барлық
жағынан тіркегеніне көз жеткізіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: PIN ұзындығы шектелмейді. Әдепкі параметр бойынша сандар ғана қолданылады.
Әріптерді немесе ерекше таңбаларды пайдалану үшін включить буквы и символы (әріптер мен
таңбалардан тұрады) құсбелгісін қойыңыз.
Вирусқа қарсы бағдарламалық құралды пайдалану
Компьютерді электрондық поштаға, желіге немесе Интернетке кіру үшін қолданғанда, ол компьютер
вирустары қаупіне ұшырауы мүмкін. Компьютер вирустары амалдық жүйені, бағдарламаларды немесе
утилиталарды өшіріп, олардың қалыпсыз жұмыс істеуіне әкелуі мүмкін.
Вирусқа қарсы бағдарламалық құрал вирустардың көбін тауып жоя алады, сондай-ақ, көбінесе
олардың келтірген зиян салдарын шешеді. Жаңа пайда болған вирустардан уақытымен қорғауды
қамтамасыз ету үшін вирусқа қарсы бағдарлама жаңартылып отыруы керек.
Компьютеріңізде Windows Defender алдын ала орнатылған. Компьютерді жан-жақты қорғау үшін
вирусқа қарсы бағдарламаны қолдануды жалғастыруға кеңес беріледі.
Компьютер вирустары туралы қосымша ақпаратты HP Support Assistant бағдарламасынан қараңыз.
Желіаралық қалқан бағдарламалық құралын пайдалану
Желіаралық қалқан жүйені немесе желіні рұқсатсыз пайдаланудан қорғау үшін жасалған. Желіаралық
қалқан компьютерге және/немесе желіге орнатылатын бағдарламалық құрал немесе аппараттық
және бағдарламалық құралдың екеуін де қорғайтын шешім болуы мүмкін.
Екі түрлі желіаралық қалқанның ішінен таңдауға болады:
Хостқа негізделген желіаралық қалқан — тек орнатылған компьютерді қорғайтын
бағдарламалық құрал.
Желіге негізделген желіаралық қалқандар — DSL немесе кабельдік модемнің және үй желісінің
арасына орнатылып, желідегі барлық компьютерлерді қорғайды.
Желіаралық қалқан орнатылғаннан соң жүйеге және жүйеден жіберілген барлық деректер тексеріліп
пайдаланушы анықтаған қауіпсіздік белгілері бойынша салыстырылады. Осы белгілерге сәйкес
келмейтін кез келген деректер құрсауланады.
Компьютеріңізде немесе желілік жабдығыңызда желіаралық қалқан орнатылып қойылған болуы
мүмкін. Егер олай болмаса, желіаралық қалқан бағдарламалық құралын орнатуға болады.
58 7-тарау Қауіпсіздік