User's Guide

10 Computer Setup (BIOS), TPM және HP Sure
Start
Computer Setup (Компьютерді орнату) утилитасын
пайдалану
Computer Setup немесе BIOS (Basic Input/Output System) жүйедегі бүкіл кіріс және шығыс
құрылғыларының (мысалы, диск жетектері, монитор, пернетақта, тінтуір және принтер) арасындағы
байланысты басқарады. Computer Setup ішінде орнатылған құрылғылардың параметрлері,
компьютердің жүктелу реті және жүйе мен кеңейтілген жадтың көлемі қамтылған.
ЕСКЕРТПЕ: Computer Setup құралына өзгертулер енгізу кезінде сақ болыңыз. Қателер компьютердің
жұмысына кедергі келтіруі мүмкін.
Computer Setup (Компьютерді орнату) утилитасын бастау
Computer Setup утилитасын ашу үшін компьютерді қосыңыз немесе өшіріп, қайта іске қосыңыз
және HP логотипі экранға шыққанда, f10 пернесін басыңыз.
Computer Setup утилитасында жылжу және таңдау
Мәзірді немесе мәзір пәрменін таңдау үшін, tab пернесін және пернетақтаның көрсеткі пернелерін
пайдаланыңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз немесе пәрменді таңдау үшін меңзегіш
құрылғыны пайдаланыңыз.
Жоғары не төмен жылжу үшін, экранның жоғары оң жақ бұрышындағы жоғары не төмен
көрсеткілерді пайдаланыңыз немесе пернетақтадағы жоғары не төмен көрсеткі пернелерін
басыңыз.
Ашық тұрған тілқатысу терезесін жабу және басты Computer Setup экранына оралу үшін, esc
пернесін басыңыз да, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Computer Setup құралынан шығу үшін төмендегі әдістердің біреуін пайдаланыңыз:
Computer Setup мәзірінен өзгерістерді сақтамай шығу үшін, Главная (Негізгі), Игнорировать
изменения и выйти (Өзгерістерді елемей шығу) пәрмендерін таңдап, экрандағы нұсқауларды
орындаңыз және Да (Иә) түймешігін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Тармақтарды таңдау үшін көрсеткі пернелерін пайдаланып жатсаңыз, enter пернесін
басыңыз.
Computer Setup мәзірлерінен шығу үшін Главная (Негізгі), Сохранить изменения и выйти
(Өзгерістерді сақтап шығу) опциясын таңдаңыз, одан кейін Да (Иә) түймешігін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Тармақтарды таңдау үшін көрсеткі пернелерін пайдаланып жатсаңыз, enter пернесін
басыңыз.
Өзгертулер компьютер қайта іске қосылған кезде күшіне енеді.
68 10-тарау Computer Setup (BIOS), TPM және HP Sure Start