User's Guide

Computer Setup утилитасында зауыттық параметрлерді қалпына келтіру
ЕСКЕРТПЕ: Әдепкі параметрлерді қалпына келтіру қатты диск режимін өзгертпейді.
Computer Setup ішіндегі бүкіл параметрлерді зауыттық мәндеріне қайтару үшін, төмендегі
қадамдарды орындаңыз:
1. Computer Setup (Компьютерді орнату) утилитасын бастаңыз. Computer Setup (Компьютерді орнату)
утилитасын бастау (68-бет) бөлімін қараңыз.
2. Главная (Негізгі) опциясын, одан кейін Применить параметры по умолчанию и выйти (Зауыттық
әдепкі параметрлерді қолданып шығу
) опциясын таңдаңыз, одан кейін Да (Иә) түймешігін
басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Тармақтарды таңдау үшін көрсеткі пернелерін пайдаланып жатсаңыз, enter пернесін
басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Таңдаулы өнімдерде, опциялар тізімінде Применить параметры по умолчанию и
выйти (Зауыттық әдепкі мәндерді қолданып шығу) опциясының орнына Восстановление
значений по умолчанию (Әдепкілерді қалпына келтіру) опциясы көрсетілуі мүмкін.
Өзгертулер компьютер қайта іске қосылған кезде күшіне енеді.
ЕСКЕРТПЕ: Құпия сөз, қауіпсіздік және тіл параметрлері зауыттың әдепкі параметрлерін сақтағанда
өзгертілмейді.
BIOS нұсқасын жаңарту
BIOS жүйесінің жаңартылған нұсқалары HP веб-торабында бар болуы мүмкін.
BIOS жүйесінің жаңарту файлдарының көбі HP веб-торабында SoftPaq деп аталатын қысылған
файлдарына салынған.
Кейбір жүктелетін бумалардың құрамында файлды орнату және ақаулықтарды жою туралы
ақпаратты қамтитын Readme.txt файлы бар.
BIOS нұсқасын анықтау
Computer Setup (BIOS) утилитасын жаңарту қажеттілігін анықтау үшін алдымен компьютердегі BIOS
нұсқасын анықтаңыз.
BIOS нұсқасының ақпаратын (ROM date (ROM күні) және System BIOS (BIOS жүйесі) деп те аталады) fn
+esc пернелерін басу (Windows жүйесінде болған жағдайда) немесе Computer Setup утилитасын ашу
арқылы көрсетуге болады.
1. Computer Setup (Компьютерді орнату) утилитасын бастаңыз. Computer Setup (Компьютерді орнату)
утилитасын бастау (68-бет) бөлімін қараңыз.
2. Главная (Негізгі), одан кейін Сведения о системеүйе туралы ақпарат) пәрмендерін таңдаңыз.
3. Computer Setup мәзірінен өзгерістерді сақтамай шығу үшін, Главная (Негізгі), Игнорировать
изменения и выйти (Өзгерістерді елемей шығу) пәрмендерін таңдап, экрандағы нұсқауларды
орындаңыз және Да (Иә) түймешігін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Тармақтарды таңдау үшін көрсеткі пернелерін пайдаланып жатсаңыз, enter пернесін
басыңыз.
Кейінгі BIOS нұсқаларын тексеру үшін BIOS жаңартуын жүктеп алу (70-бет) бөлімін қараңыз.
Computer Setup (Компьютерді орнату) утилитасын пайдалану 69