User's Guide
2 Бөліктер
Компьютерде жоғарғы деңгейлі бөліктер бар. Бұл тарауда бөліктер туралы, олардың қайда 
орналасқаны және қалай істейтіні туралы мәліметтер берілген.
Аппараттық құралдардың орналасқан жерлері
Компьютерге орнатылған аппараттық құралдарды көру үшін:
▲ Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында диспетчер устройств (құрылғылар 
басқарушысы
) деп теріп, Диспетчер устройств (Құрылғылар басқарушысы) қолданбасын 
таңдаңыз.
Компьютерге орнатылған барлық құрылғылар тізімде көрсетіледі.
Жүйенің аппараттық құралдарының компоненттері және жүйенің BIOS нұсқасының нөмірі туралы 
ақпарат алу үшін fn+esc (тек таңдаулы өнімдерде) пернелерін басыңыз.
Бағдарламалық құралдардың орналасқан жерлері
Компьютерде орнатылған бағдарламалық құралдардың тізімін көру үшін:
▲ Пуск (Бастау) түймесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, содан кейін Приложения и 
возможности (Бағдарламалар мен мүмкіндіктер) опциясын таңдаңыз.
4 2-тарау Бөліктер










