User's Guide
Кесте 2-6 Түймелер, үндеткіштер, саусақ ізін оқу құрылғысы және олардың сипаттамалары (жалғасы)
Бөлік Сипаттама
● Компьютер қосулы болғанда, ұйқы күйін қосу үшін 
түймешікті тез басып қалыңыз.
● Компьютер ұйқы күйінде болғанда, ұйқы күйінен (тек 
таңдаулы өнімдерде) шығу үшін түймешікті тез басып 
қалыңыз.
● Компьютер күту күйінде болған кезде, күту күйінен 
шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз.
ЕСКЕРТУ: Қуат түймешігін басып тұрғанда сақталмаған 
ақпараттар жойылады.
Компьютер жауап беруді тоқтатса және Windows жүйесінің 
өшіру процедуралары көмектеспесе, компьютерді өшіру 
үшін қуат түймешігін кем дегенде 5 секунд басып ұстап 
тұрыңыз.
Қуат параметрлері туралы ақпаратты қуат опцияларынан 
қараңыз.
▲ Индикатор питания (Қуат көрсеткіші) белгішесін 
тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Электропитание 
(Қуат параметрлері) тармағын таңдаңыз.
(2)   Желдеткіш тесіктері (2) Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қамтамасыз 
етеді.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді 
салқындату үшін және қызып кетуден қорғау үшін автоматты 
түрде қосылады. Жұмыс барысында желдеткіштің біресе 
қосылып, біресе өшіп отыруы – қалыпты жағдай.
(3)   Үндеткіштер (2) Дыбыс шығарады.
(4)   Саусақ ізін оқу құрылғысы (тек таңдаулы 
өнімдерде)
Құпия сөзді енгізбестен, саусақ ізін пайдаланып, Windows 
амалдық жүйесіне кіруге мүмкіндік береді.
▲ Саусақ ізін оқу құрылғысында төмен қарай сырғытыңыз. 
Толық ақпаратты Windows Hello (тек таңдаулы 
өнімдерде) (57-бет) бөлімінен қараңыз.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Саусақ ізі көмегімен кіру кезінде 
орын алуы мүмкін мәселелердің алдын алу үшін 
саусағыңыздың ізін тіркегенде, саусақ ізін оқу 
құрылғысы саусағыңызды барлық жағынан тіркегеніне 
көз жеткізіңіз.
12 2-тарау Бөліктер










