User's Guide
2. Желілік кабелдің екінші ұшын желінің қабырға ұясына (2) немесе жол жоспарлағышқа жалғаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Желі кабелінің теледидар мен радио кедергілерінен қорғайтын кедергілерді басу 
схемасы (3) бар болса, кабельдің осы схема орналасқан ұшын компьютерге қарай бағыттаңыз.
HP LAN-Wireless Protection мүмкіндігін (тек таңдаулы өнімдерде) пайдалану
LAN ортасында LAN желісін рұқсатсыз кіруден қорғау үшін HP LAN-Wireless Protection мүмкіндігінің 
параметрлерін орнатуға болады. HP LAN-Wireless Protection қосылған кезде, LAN желісіне тікелей 
қосылған компьютерде WLAN (Wi-Fi) немесе WWAN қызметі өшіріледі.
HP LAN-Wireless Protection мүмкіндігін қосу және параметрлерді реттеу
1. Желі кабелін компьютер, қосымша қондыру құрылғысы немесе кеңейту құралындағы желі 
ұясына жалғаңыз.
2. Computer Setup (Компьютерді орнату) утилитасын бастаңыз.
● Пернетақтасы бар компьютерлер немесе планшеттерді пайдалану кезінде: 
▲ Computer Setup утилитасын ашу үшін, компьютерді қосыңыз немесе компьютерді 
өшіріп қайта іске қосыңыз және HP логотипі экранға шыққанда f10 пернесін басыңыз.
● Пернетақтасы жоқ планшеттерді пайдалану кезінде: 
▲ Планшетті қосып немесе өшіріп қайта бастаңыз және Бастау мәзірі экранға шыққанша 
дыбысты азайту түймесін тез басып ұстап тұрыңыз. Computer Setup утилитасына кіру 
үшін f10 пернесін түртіңіз.
3. Расширенный (Қосымша), одан кейін Параметры встроенных устройств (Кірістірілген құрылғы 
параметрлері) пәрмендерін таңдаңыз.
4. LAN желісіне қосылған кезде, WLAN және (немесе) WWAN қосылыстарын өшіру үшін 
Автоматическое переключение LAN/WLAN (LAN/WLAN автоматты ауысу) және (немесе) 
Автоматическое переключение LAN/WWAN (LAN/WWAN автоматты ауысу) құсбелгісін қойыңыз.
5. Енгізілген өзгерістерді сақтап, Computer Setup утилитасынан шығу үшін Главная (Негізгі), 
Сохранить изменения и выйти (Өзгерістерді сақтап шығу) опциясын таңдаңыз, одан кейін Да (Иә) 
түймешігін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Тармақтарды таңдау үшін көрсеткі пернелерін пайдаланып жатсаңыз, enter пернесін 
басыңыз.
26 3-тарау Желі қосылымдары










